Шығыс Қытай теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шығыс Қытай теңізі
Сипаттамасы
Ауданы836 мың км²
Тереңдігі2719 м
Орташа тереңдігі309 м
Орналасуы
28°55′18″ с. е. 125°56′50″ ш. б. / 28.92167° с. е. 125.94722° ш. б. / 28.92167; 125.94722 (G) (O) (Я)Координаттар: 28°55′18″ с. е. 125°56′50″ ш. б. / 28.92167° с. е. 125.94722° ш. б. / 28.92167; 125.94722 (G) (O) (Я)
Шығыс Қытай теңізі (Тынық мұхит)
Шығыс Қытай теңізі
Шығыс Қытай теңізі Ортаққорда

Шығыс Қытай теңізі, Дунхай – Тынық мұхиттың жартылай тұйық теңізі. Солтүстігінде Корей бұғазы арқылы Жапон теңізімен, солтүстік-батыстан Сары теңізбен, оңтүстікте Тайвань бұғазы арқылы Оңтүстік Қытай теңізімен жалғасады. Ауданы 752 мың км2. Орташа тереңдегі 349 м, орташа көл. 263 мың км3. Ең терең жері 2717 м (шығыс бөлігі). Климаты муссондық. Мамыр – қазан аралығындағы оңтүстіктен солтүстікке жылжитын тайфундар (жылына 3 – 4 рет) күшті дауыл тудырады. Ауаның орташа температурасы ақпанда 5° – 15°С, тамызда 26°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1146 – 2244 мм. Теңіздің шығыс бөлігінде тұрақты Солтүстік Пассат жылы ағысының солтүстік тармағы әсер етеді. Бұл ағыстың бір тарамы Жапон теңізіне өтеді, екіншісі Кюсю аралынан оңтүстікте мұхитқа өтіп Куросио ағысының бастамасын береді. Тұздығы 5‰-ден (Янцзы өзені атырауында) 34,5‰-ге дейін. Толысуы жарты тәуліктік (7,5 м). Кит, дельфин, акула, теңіз жыланы, сардина, дыбыс шығаратын балық, камбала, тунец, кефаль, т.б. тіршілік етеді. Тағамдық балдырлар, тұз өндіріледі. Маңызды теңіз жолдары өтеді; ірі порттары – Шанхай, Цзилун, Нинбо, Вэньчжоу (Қытай), Нагасаки (Жапония).