Мазмұнға өту

Шошқа обасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шошқа обасы-шошқаның вирус арқылы таралатын жұқпалы індеті. Шошқа обасының вирусы барлық органдар мен тканьдерде, лимфа түйінінде, сүйек кемігінде,көк бауырда, ішектін кілегей қабығында өніп-өседі. Шошқа обасы еметін жас торайларда жіті өтеді. Ауру 3-7 күнге созылады, жіті өтетін түрінде дене температурасы 41,5-42°С-қа дейін көтеріледі. 1-2 күннен кейін шошқа жемнен қалады, денесі дірілдейді, жата береді, көзі қызарып,ісінеді, орнынан әрең қозғалады, салқын орын іздейді, кейде бауырының астында сарғылт сұйыққа толы күлдірек пайда болады, біраздан кейін тұтасып қоңыр даққа айналады. Жүрек қызметі нашарлап, мұрнынан қан кетеді, артқы аяқтары салданады, 7-10 күнде өледі. Ауру білінісімен ауру шошқаны бөлек күтеді, шошқа қораны 2-3%-тік күйдірігіш натр ерітіндісімен дезифекциялайды. Шаруашылыққа карантин қойылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы