Мазмұнға өту

Шортанды ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Шортанды ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Шортанды

Ауылдық округтер саны

9

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

29

Әкімі

Сағындық Серікбайұлы Шабаров

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, №20

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°41′53″ с. е. 71°56′42″ ш. б. / 51.69806° с. е. 71.94500° ш. б. / 51.69806; 71.94500 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°41′53″ с. е. 71°56′42″ ш. б. / 51.69806° с. е. 71.94500° ш. б. / 51.69806; 71.94500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939

Жер аумағы

4,7 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

27 549[1] адам (2023)

Тығыздығы

5,9 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (41,1%), орыстар (33,99%), немістер (6,01%), украиндар (5,89%), поляктар (4,37%), беларустар (2,67%), татарлар (1,7%), басқалары (4,27%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

021600-021615[3]

Автомобиль коды

03

Шортанды ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Шортанды ауданы

Облыс картасындағы Шортанды ауданы

Шортанды ауданыАқмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шортанды кенті.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Ақкөл ауданымен, шығысында Астрахан, батысында Ерейментау аудандарымен, оңтүстігінде Целиноград ауданы және Астана қаласымен шектеседі.

Шортанды ауданы Сарыарқаның солтүстігін ала орналасқан. Жер бедері – саздар мен саздақтардың қат-қабатынан түзілген белесті жазық. Ең биік жері ауданның шығыс бөлігіндегі Көңқыр төбесі (458 м). Жер бедерінің кей жері ірі құмды, шақпақтасты. Жағалары көлбеу және жайпақ, тұйық ойпауытты қолаттар кездеседі. Көктемде олар ені бірнеше жүз метрге жететін уақытша көлдерге айналады. Кен байлықтарынан алтын, кірпіштік саз кездеседі.

Шортанды ауданы 1939 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы Новокубанка ауылы болып, 1954 жылы Шортанды кентіне ауыстырылған. 1963 жылы аудандарды ірілендіру кезінде Алеексев ауданымен біріктіріліп, 1966 жылы қайта бөлінген.[4]

Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы жылы, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –17 – 18°С, шілденікі 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары – Дамса, Ащылыайрық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда Балықты, Бозайғыр, Сасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар.

Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жерінде қара және қызғылт қоңыр топырақ тараған. Негізінен селеулі-бетегелі, түрлі шөпті-бетегелі өсімдіктер өседі. Олардың ішінен сәбізшөп, сәлбен, жусан, сары қызылбояу, төскейшөп, ойпауытты жерлерінде өлең, қоға, жұлдызгүл, т.б. өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан дала бүркіті, бөктергі, үкі, бозторғай, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.

1959 1970 1979 1989[5] 1999 2009[6] 2021
 37166 43236 39245 38695 33074 29580 27825

Тұрғындар саны: 29538 адам (2019).

Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,9 адам.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 29 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[8]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Андреев ауылдық округі 1134 967 85,3 556 475 85,4 578 492 85,1
Бектау ауылдық округі 1958 1865 95,3 1007 948 94,1 951 917 96,4
Бозайғыр ауылдық округі 3717 3552 95,6 1822 1809 99,3 1895 1743 92
Дамса ауылдық округі 4482 4740 105,8 2122 2299 108,3 2360 2441 103,4
Жолымбет кенттік әкімдігі 4258 4011 94,2 2118 2066 97,5 2140 1945 90,9
Новокубан ауылдық округі 2036 1845 90,6 1026 926 90,3 1010 919 91
Новосёлов ауылдық округі 1356 978 72,1 661 503 76,1 695 475 68,3
Петров ауылдық округі 1721 1358 78,9 844 681 80,7 877 677 77,2
Пригородный ауылдық округі 1166 837 71,8 577 415 71,9 589 422 71,6
Раевка ауылдық округі 1484 1110 74,8 729 558 76,5 755 552 73,1
Шортанды кенттік әкімдігі 6268 6562 104,7 3032 3226 106,4 3236 3336 103,1
ЖАЛПЫ САНЫ 29580 27825 94,1 14494 13906 95,9 15086 13919 92,3

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, оған қосымша сүтті, етті-сүтті мал, шошқа, жылқы, картоп, көкөніс өсіруге маманданған 1 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зертеу институтының тәжірибе шаруашылығы болған. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты олардың барлығы дерлік жекешелендірілді. Ауданның барлық шаруашылық салалары 2006 жылы 4038,9 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп саласында “Қазақалтын кен-металлургия” АҚ-ның бөлімшесі – Жолымбет алтын кеніші, жиһаз фабрикасы (Шортанды), тігін фабрикасы (Жолымбет), май зауыты, аудандық баспахана, т.б. жұмыс істейді. Бұлар 2104,5 млн. т өнім өндірді (2005). Ауыл шаруашылығымен 35 кәсіпорын, 109 шаруа қожалығы, 8123 жұртшылық (жеке шаруа) шұғылданады (2005). Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 438,5 мың га, оның 287,4 мың га-сы егістік, 2,6 мың га-сы шабындық, 148,2 мың га-сы жайылым. Көп жылдық отырғызылған ағашы 0,3 мың га жерді алады. 2007 жылдың басында ауданда 18,9 мың бас мүйізді ірі қара, 7,6 мың қой мен ешкі, 23,0 мың шошқа, 2,1 мың жылқы, 34,3 мың құс болды. Олардан 4,6 мың т ет, 23,7 мың т сүт, 3829 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда 3 балабақша, 4 бастауыш, 11 негізгі, 16 орта мектеп, 1 кәсіптік-техн. мектеп, 31 кітапхана, орт. ауданы аурухана, 6 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Шортанды кентінде мәдениет және демалыс саябағы орналасқан. Аудан жері арқылы республикалық маңызы бар АстанаКөкшетау автомобильдік жолы өтеді.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]