Шибам қаласы
Көрініс
Шибам қаласы (Йемен) – Йемендегі Хадрамаут ауданындағы қала.[1]. Халық саны 7000 адам. Шибам бірнеше рет Хадрамаут патшалығының астанасы болған.
Қала өзінің архитектуралық ерекшеліктерімен танымал. Онда сазды кірпіштен жасалған 500-ге жуық үй бар. Үйлерді көп қабатты деп есептеуге болады. Олар 5-11 қабаттан тұрады да, әр пәтерінде бір отбасы өмір сүреді. Бұндай үлгіде салынған үйлер қала тұрғындарын бәдеуилердің шапқыншылығынан қорғайтын болған.
Қала ЮНЕСКОНЫҢ Бүкіләлемдік мұралар бағдарламасына енгізіліп, №192 нысан болып тіркелген.