Шет ауданы
Қазақстан ауданы | |
Шет ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
19 |
Кенттік әкімдіктер саны |
6 |
Ауыл саны |
60 |
Әкімі |
Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, №24 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°48′36″ с. е. 73°12′36″ ш. б. / 47.81000° с. е. 73.21000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°48′36″ с. е. 73°12′36″ ш. б. / 47.81000° с. е. 73.21000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1928 |
Жер аумағы |
65,6 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
37 955[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (89,07%), орыстар (7,06%), немістер (0,81%), татарлар (0,65%), украиндар (0,58%), беларустар (0,36%), басқа ұлт өкілдері (1,47%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
101700-101726 |
Автомобиль коды |
09 |
Шет ауданы — Қарағанды облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан 1928 жылы құрылды. 1997 жылы Ақадыр ауданымен біріктірілді. Аудан аумағы 65,7 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Ақсу-Аюлы ауылы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Абай, Бұқар жырау, шығысында Қарқаралы, Ақтоғай, батысында Ұлытау облысының Жаңаарқа, оңтүстігінде Жамбыл облысының Мойынқұм және Түркістан облысының Созақ аудандарымен шектеседі.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан Сарыарқаның оңтүстік, оңтүстік батыс аумағының дала белдемінен орын алған. Жері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі, белесті, аласа таулы, қырлы келеді. Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері, оңтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырау өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр. Басты өзендері : Шерубайнұра, Жақсы, Сарысу, Есен, Талды, Байқасқа, Манақа. Ауданның батысын Бетпақдала, Қызылтау, Ақтау, Ортау таулары тізбесі алып жатыр.
Ауданның орта бөлігінде Бұғылы, Тағылы, Қотыр, Қызылтау таулары орналасып, Тектұрмас шоқыларымен аяқталады. Солтүстік Шерубай–Нұра өзені кесіп өтіп, Шерубай-Нұра су қоймасына құяды, жері ұсақ қырқалы, шоқылы, жазық. Солтүстік шығысынан Талды өзені басталып, Наршөккен, Ақбастау шоқыларымен шектеледі.
Жер қойнауында мырыш, молибден, вольфрам, темір, алтын, кварцит, мыс, құрылыс материалдары (гранит, қиыршық тас, құм, саз) барланған. Өңірдің кең орындарында облыс көлеміндегі алтынның 1,7 пайызы, молибденнің 27,3 пайызы, воллпстаниттын 70 пайызы, мырыштың 20 пайызы, қорғасының 17 пайызы, марганецтін 10 пайызы бар. Жер жүзіндегі бар вольфрамның 30 пайызы Шет ауданының қойнауында қазына болып жатыр.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты айқын континенттік, қысы ұзақ, суық, боранды, қары аз (30-40 см), қаңтардың орташа температурасы -17°С, шілдеде 20 - 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-260 мм шамасында. Жерінде қара, қызыл, қоңыр, ашық қызыл, қоңыр, сортаң топырақ тараған. Жазық жерлерінде көде, селеу, жусан, кермек, көкпек, тобылғы, қараған, өзен бойында тал, шілік өседі. Тау аралық аңғарлары мен сайларында, өзен аңғарларында әр түрлі шөпті шалғын, тал, шілік басым. Гранитті тауларында арша, тасжарған, қараған, таңқурай, қарақат, бөріқарақат олардың бөктерінде қайың, көктерек өседі. Аңдардан: арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, сасық күзен, қоян, қосаяқ, сарышұнақ, бозсуыр, байбақ суыр. Құстардан: бүркіт, қаршыға, лашын, құр, шіл, бөдене, қоныр қаз, үйрек, дуадақ т.б.су орман құстары мекендейді.
Кәсіпорындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда өнеркәсіп орындарынан қорғасын-мырыш қоспасын өндіруші (Жаңа-Мырыш ЖШС-і), темір-марганец өндіру кәсіпрорыны (МеталлТерминалСервис ЖШС—і), вольфрам өндіру кәсіпорыны (Қараоба ЖШС-і), кварцит өндірумен «Крамдс-Кварцит» ЖШСірі автокөлік кәсіпорыны, («Ақадыр АТП» АҚ-ы), алтын өндіретін зауыт, «Достық» ЖШС-і, автожолдар жөндеуші, («Бірлік» ЖШС-і), теміржолдарды жөндеу бойынша (Компания «Жол жөндеуші» ЖШС), Локомотивтерді, вагондардың донғалақ жұптарын жөндейтін («Ырыс-2030» ЖШС), («Таға» ЖШС-і), халыққа қызмет көрсету саласында «Ақадыр-жылу» ЖШС-і, «Ақадыр-энерго» ЖШС-і, «Шет-энерго» ЖШС-і кәсіпорындары бар. Жол бойы бизнесі дамуда.
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылық құрылымдарының саны 1160. Оның ішінде 14 ЖШС, 1146 шаруа қожалықтары бар. Аудан бойынша барлық ауыл шаруашылығына жарамды жер 1815 мың га (жалпы жер көлемінің 27,6 пайызы. Орташа есеппен ауданның әрбір тұрғынына 40 га ауылшаруашылық жерінен келеді. Оның егістікке жарамды жері 78,1 мың га , 30,1 мың га–сы шабындық, 1646,2 мың га-сы жайылым (2006). Егін шаруашылығының басты саласы – астық дақылдары мен жем-шөп, аздап картоп пен көкөніс егіледі. Егістікке жарамды жердің 43,0 мың га –сына астық, 0,250 мың га-сына картоп, көкөніс егілді (2006). Аудан аумағында дүниежүзілік даму банкі тарапынан инвестиция тартылып 2003 жылдан «Қуаң жерлерді игеру» бағдарламасы бойынша 11,6 мың га жерге көпжылдық шөп егілді (2006). 2006 жылдың басында ауданда 52,8 мың ірі қара, 105,6 мың қой, ешкі, 19,8 мың жылқы, 3,0 мың шошқа, 44,1 мың құс, 250 түйе болды. Аудан аумағында «Шолақ еспе» шаруа қожалығы жылқының «Мұғалжар» асыл тұқымын, «Ақжол» шаруа қожалығы қойдың «Сарыарқа» тұқымын, «Ернұр» шаруа қожалығы ірі қараның «қазақтың ақбас» асыл тұқымдарын өсірумен шұғылданады. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау және мәдениет салалары бойынша 2 балабақша, 59 мектеп, 1 оқу өңдірістік комбинаты, 1 кәсіптік мектеп, 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 4 аурухана, 2 емхана, 18 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 8 ФП, 28 медициналық пункттер, 21 кітапхана, 1 музей, 22 мәдениет үйлері мен ауыл клубтары бар (2006). 1938 жылдан аудандық «Заман» газеті шығарылады. Ауданмен қоса жасасып келе жатқан газет 1938 – 1961 ж.ж. аралығында «Социалистік табыс», 1961-1992 ж.ж. аралығында «Ильич туы», болып 1992 жылдан бастап «Заман» деген атпен шығарылуда. Аудан аумағындағы Бұғылы мен Тағылы, Нұра, Сарысу өзендерінің бойы тас ғасырынан бері қарайғы дәуірлер айғақтарына толы. Палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы Өғыз тау, Үлкен ақмая (1984ж) деген жерлерден табылған. Ол тұрақтардан әртүрлі тас қарулар, оның ішінде тастан жасалған балта, қырғыш, тас қарулар бар. Тайатқан, Шұнақ тауларында шоқпар тастардың бетіне қашалып салынған әр түрлі сүреттер табылған. Шет өңірінен, аудан тарихынан мол мағлұмат беретін кітаптар: "Шет өңірінің тарихы" (Ж.О.Артықбаев, М.С.Жакин, Қарағанды, 1998) "Шет өңірі ақындарының анотациясы"." Шет өңірінің тарихи – мәдени ескерткіштері" фотошежіре (жауапты ред. Ж.С.Ақылбаев); мәтін авт, құрастр. М.С.Жакин – Қарағанды, ҚарМУ, 2004). Шет ауданының жері арқылы екі республикалық маңызы бар қалаларды қосатын Алматы – Астана автомобиль жолы бар. Сонымен қатар, Қарағанды – Жезқазған, Қарағанды – Ақтоғай автомобиль жолдары өтеді.
Әлеуметтік құрылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданда • 58 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 9565 оқушы оқиды; • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 101 оқушы; • 1 колледжде – 155 оқушы оқиды; Аудан бойынша үш мектептен тыс мекеме жұмыс істейді: 1. Оқушылар үйі; 2. "С.Мұхамеджанов атындағы балалар музыка мектебі"; 3. Өнер мектебі (Ақадыр кентінде орналасқан). • 23 клуб типті мекеме; • 22 кітапхана; • 1 мұражай жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 4762 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 34126 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5659,5 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 47,2% құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 3156,5 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінен 109,8%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 408,5 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 52,4 млн. теңге.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шет ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Қарқаралы округінің құрамында бұрынғы Қарқаралы уезінің Кедей, Қызылтау және Шет болыстарының негізінде құрылды. Ауданның алғашқы орталығы Шалтас қонысы болып, 1929 жылы Қайрақты елді мекеніне көшірілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда өз алдына жеке аудан болып шығып, аудан орталығы Ақсу-Аюлыға көшірілді.
1932 жылы 10 наурыздан бастап Шет ауданы Қарағанды облысының құрамына кірді.
1940 жылы Қорғантас ауылдық кеңесі Қоңырат ауданына берілді.
1944 жылы молибден-вольфрам кеніші маңындағы Ақшатау елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді. Шет ауылдық кеңесі құрылды.
1951 жылы Шет ауданының Мыңарал елді мекені Жамбыл облысының Көктерек ауданына берілді.
1954 жылы Сарышаған ауылдық кеңесі құрылып, Балқаш қаласының қарамағына берілді.
1956 жылы Аққоян ауылдық кеңесі Тағылы ауылдық кеңесіне қосылды.
1961 жылы Ақшоқы ауылдық кеңесі таратылды. Тағылы ауылдық кеңесінің Қайрақты елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Шет ауданы таратылып, Ақшатау, Қызылтау, Комсомол, Нұраталды, Нұра, Тағылы, Түлкілі, Шет ауылдық кеңестері Ақтоғай ауданына қосылды. 10 қаңтарда Ақшатау, Қайрақты кенттері Ақшатау өнеркәсіптік ауданына берілді.
1964 жылы 31 желтоқсанда Шет ауданы қайта құрылып, оған таратылған Ақшатау өнеркәсіптік ауданынан Ақадыр, Ақжал, Ақшатау, Қайрақты кенттері мен Ақтоғай ауданынан Ақшатау, Қызылтау, Комсомол, Нұраталды, Нұра, Тағылы, Түлкілі, Шет ауылдық кеңестері берілді.
1966 жылы Балқаш қалалық кеңесінен Босаға ауылдық кеңесі ауданға берілді. Нұра ауылдық кеңесі Ақшатау ауылдық кеңесіне қосылды. Қарабұлақ ауылдық кеңесі құрылды.
1967 жылы Ақбұлақ, Ақсарлы, Кеншоқы ауылдық кеңестері құрылды.
1971 жылы Жаңаарқа ауданының Жарық кенті Шет ауданына берілді.
1973 жылы аудан жаңадан құрылған Жезқазған облысының құрамына енді. Ақадыр ауданы құрылып, Шет ауданынан Ақадыр, Ақжал, Ақшатау, Қайрақты кенттері мен Ақбұлақ, Ақсарлы, Ақшатау, Босаға, Қарабұлақ, Кеншоқы, Тағылы ауылдық кеңестері берілді. Жаңаарқа ауданының Дария кенті мен Бұрма, Көктіңкөлі, Краснополян, Просторный, Өспен ауылдық кеңестері Шет ауданына берілді.
1974 жылы Көктіңкөлі, Өспен ауылдық кеңестері Шет ауданынан Ақадыр ауданына беріліп, Ақадыр ауданының Ақшатау, Кеншоқы ауылдық кеңестері Шет ауданының құрамына қайтарылды.
1976 жылы Ақши ауылдық кеңесі құрылды.
1978 жылы Ақши ауылдық кеңесі Ақтоғай ауданына берілді.
1979 жылы Кеншоқы ауылдық кеңесі Ақтоғай ауданына, Ақшатау ауылдық кеңесі Ақадыр ауданына берілді.
1981 жылы Батық ауылдық кеңесі құрылды.
1992 жылы Ақтоғай ауданының Кеншоқы ауылдық кеңесі Шет ауданына қайтарылды.
1995 жылы Жарық кенті Сәкен Сейфуллин кенті болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, Шет ауданы Қарағанды облысының құрамына енді.
1997 жылы 23 мамырда Ақадыр ауданы таратылып, аумағы Шет ауданына қосылды.
1997 жылы 9 қыркүйекте Қайрақты кенті мен Ақсарлы, Қарабұлақ, Киік ауылдық округтері әкімшілік бірлік ретінде жойылды.
2004 жылы Просторный ауылдық округінің атауы Ақой болып өзгертілді.
2007 жылы Жоғарғы Қайрақты кенті мен Ақбұлақ ауылдық округі әкімшілік бірлік ретінде жойылып, Киікті және Төменгі Қайрақты ауылдық округтері құрылды.
2023 жылы Жамбыл кенті таратылды.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ең алғаш аудан орталығының өзі іргедегі «Қызыл еспе» деген жерде орналасқан екен. Кейін қайта бұзылып осы шұрайлы да шаттықты мекен – Ақсу-Аюлыға орын теуіпті. Шет ауданының негізін қалаған Биата елінде 1824 жылы - 8019 ер, 10591 әйел, барлығы - 18711 адам болған. Бүгінде Шет ауданы облыс көлеміндегі ең іргелі, ірі аудандар санатында. Қазір аудан 48 елді мекенді біріктіретін, 25 әкімдік аумақтық бірліктен тұрады. Жалпы саны 48 мыңдай халық орналасқан. Ауылшаруашылығы дамыған аудан. Ауданның жалпы жер көлемі 6,5 млн. га немесе облыс аумағының 15 пайыз құрайды. Ауданда 1164 шаруа құрамдары бар, 475 кіші кәсіпкерлік жұмыс істейді. 59 мектеп, 3 мәдениет үйі, 24 клуб, 2 емхана, 12 отбасылық дәрігерлік амбулатория денсаулық сақтау ісінде мүлтіксіз қызмет атқарып келеді. Спорт саласында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері және 99 спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Байлығына көз тіккен жат жұрттан елі мен жерін қорғай білген бабалар ерлігі ұрпаққа ұран. Талды өзені бойында Бұқар жыраудың жырына іліккен Сеңкібай батыр мазары тұр. Нұра өзені бойында Абылай ханның ту ұстаған батыры Жидебай батыр жатыр. Жасыл тулы Жарылғап батыр, ат көтере алмас Сазанбай, Дерібсалы батырлар туралы заманында туған жырлар ел есінде сақталған. Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай батыр ел мақтанышы. Ресей империясына қарсы алғаш қару көтерген Кенесары ханның ағасы Саржан осы Бұғылы бойында жыл жарымнан аса уақыт орда тігіп, елді күреске дайындаған. Кенесарының қамалы да, Кенеханның өзі ғана су ішкен құдық та, Манақа бойында Кенехан бойын сергіткен Қарасуда, атасы Абылайхан демалған орын да осы өңірде. Қазақ әдебиеті тарихындағы зор тұлға Шортанбай жырау осы Ақсу-Аюлынікі. Ол кісіге арналған арнайы саябақ та бар. Ақтентек сері серілігімен ел аузына іліккен Біржан сал арнайы іздеп келіп амандасқан, дарын иесі. Атақты Қақпан ақын, Әбіш, Дия қажы, Бабас, Оқа, Түсетай, Ғаббас, Күмісбек моллалар сөз өнерінің биік шыңы іспеттес. Дия қажы артында «Шаһарбану» дастаны қалды. Оқа шежіреде «Абылайхан» деген дастан жазған. Түсетай «Сарыарқа» толғауын қалдырған. 1943 жылы алғашқы республикалық ақындар айтысында бірінші орын алған Маясар ақын туралы сол кезде ұлы Мұхтар Әуезұлы деректі фильм түсірткен. Кешегі Кенесары ханмен үзеңгілес болған Жанғұтты шешен, Бәйсейіт би, Дүйсенбай, Қара билер туралы аңыз мол. Арқадағы шертпе күй өнерін аса биікке көтерген, шертпе күйдің бір мектебін қалыптастырған Қыздарбек күйші, оның шәкірттері Әбди, Сембек, Ақмолда, Кәрібек, Мақаштардан қалған күйлерге бүгінде қазақ елі тамсанады. Жуасбай өткір тілді айтыскер ақын. Артында «Ерназар - Бекет» шығармасы қалды. Сәрінжіп ақын жұртқа кеңінен танымал. Айтыскер ақындар арасында Исабектің шоқтығы биік тұрған. Шаяхмет ақын қазақ жастарының гимнің жазды. Жәкен Байтуов – «Көкжайдақ», «Бөрі батыр» поэмаларын жазған. Тәшен ақын артында «Мың ғазел» атты қолжазба кітабы қалған. Өңіріміз көне заман сүреті мен сызбалары сөйлеп тұрған тарихи ескерткіштердің тілсіз мұрасына аса бай. Тас бейне қашалғанына 3 мың жылдан асқан таңбалы тастан суреттер көне заман тарихынан мол мәлімет беріп тұрғандай. Егіз қойтастағы үш қабат үйдің биіктігіндей жартас басына қолмен қашалып салынған 72 ұялы дойбының тақтасы әлем тарихында дойбы – шахмат ойынының шығуына жаңа көзқарас тудырары хақ. Аудан аймағында республикалық дәрежедегі 25, облыстық дәрежеде қорғауға жататын 30, аудандық дәрежедегі 35 ескерткіштер бар.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[3] | 1999 | 2009[4] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
12583 | ▲27069 | ▲39937 | ▼26396 | ▲26860 | ▲54341 | ▼45715 | ▼38549 |
Тұрғындары 42 437 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (88,71%), орыстар (7,24%), немістер (0,86%), украиндар (1,63%), татарлар (0,67%), беларустар (0,41%), басқа ұлт өкілдері (0,48%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]60 елді мекен 6 кенттік әкімдік пен 19 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақадыр кенттік әкімдігі | 10136 | ▼9838 | 97,1 | 4944 | ▼4930 | 99,7 | 5192 | ▼4908 | 94,5 |
Ақжал кенттік әкімдігі | 3875 | ▼3622 | 93,5 | 1964 | ▼1794 | 91,3 | 1911 | ▼1828 | 95,7 |
Ақой ауылдық округі | 715 | ▼539 | 75,4 | 370 | ▼279 | 75,4 | 345 | ▼260 | 75,4 |
Ақсу-Аюлы ауылдық округі | 5170 | ▲5540 | 107,2 | 2543 | ▲2832 | 111,4 | 2627 | ▲2708 | 103,1 |
Ақшатау ауылдық округі | 504 | ▼288 | 57,1 | 266 | ▼145 | 54,5 | 238 | ▼143 | 60,1 |
Ақшатау кенттік әкімдігі | 1149 | ▼830 | 72,2 | 558 | ▼430 | 77,1 | 591 | ▼400 | 67,7 |
Ақшоқы ауылдық округі | 673 | ▼472 | 70,1 | 353 | ▼250 | 70,8 | 320 | ▼222 | 69,4 |
Батық ауылдық округі | 799 | ▼602 | 75,3 | 396 | ▼316 | 79,8 | 403 | ▼286 | 71 |
Босаға ауылдық округі | 975 | ▼735 | 75,4 | 523 | ▼382 | 73 | 452 | ▼353 | 78,1 |
Бұрма ауылдық округі | 1470 | ▼1066 | 72,5 | 756 | ▼544 | 72 | 714 | ▼522 | 73,1 |
Дария кенттік әкімдігі | 825 | ▼477 | 57,8 | 423 | ▼240 | 56,7 | 402 | ▼237 | 59 |
Кәрім Мыңбаев ауылдық округі | 503 | ▼151 | 30 | 259 | ▼91 | 35,1 | 244 | ▼60 | 24,6 |
Кеншоқы ауылдық округі | 859 | ▼723 | 84,2 | 434 | ▼398 | 91,7 | 425 | ▼325 | 76,5 |
Киікті ауылдық округі | 951 | ▼835 | 87,8 | 497 | ▼423 | 85,1 | 454 | ▼412 | 90,7 |
Көктіңкөлі ауылдық округі | 1355 | ▼970 | 71,6 | 687 | ▼519 | 75,5 | 668 | ▼451 | 67,5 |
Красная поляна ауылдық округі | 1299 | ▼1067 | 82,1 | 661 | ▼527 | 79,7 | 638 | ▼540 | 84,6 |
Мойынты кенттік әкімдігі | 2284 | ▼1870 | 81,9 | 1177 | ▼973 | 82,7 | 1107 | ▼897 | 81 |
Нұраталды ауылдық округі | 1808 | ▼1378 | 76,2 | 901 | ▼697 | 77,4 | 907 | ▼681 | 75,1 |
Ортау ауылдық округі | 597 | ▼342 | 57,3 | 347 | ▼199 | 57,3 | 250 | ▼143 | 57,2 |
Өспен ауылдық округі | 2027 | ▼1464 | 72,2 | 1096 | ▼772 | 70,4 | 931 | ▼692 | 74,3 |
Сәкен Сейфуллин кенттік әкімдігі | 3696 | ▼2891 | 78,2 | 1864 | ▼1457 | 78,2 | 1832 | ▼1434 | 78,3 |
Тағылы ауылдық округі | 1009 | ▼789 | 78,2 | 528 | ▼413 | 78,2 | 481 | ▼376 | 78,2 |
Талды ауылдық округі | 1037 | ▼729 | 70,3 | 532 | ▼383 | 72 | 505 | ▼346 | 68,5 |
Төменгі Қайрақты ауылдық округі | 1031 | ▼649 | 62,9 | 544 | ▼329 | 60,5 | 487 | ▼320 | 65,7 |
Шет ауылдық округі | 968 | ▼682 | 70,5 | 505 | ▼362 | 71,7 | 463 | ▼320 | 69,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 45715 | ▼38549 | 84,3 | 23128 | ▼19685 | 85,1 | 22587 | ▼18864 | 83,5 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Халқы (2021) |
---|---|
Ақадыр | ▲9756 |
Ақсу-Аюлы | ▲5051 |
Ақжал | ▲3405 |
С. Сейфуллин | ▼2891 |
Мойынты | ▼1860 |
Бұрма | ▼894 |
Киікті | ▼835 |
Ақшатау | ▼830 |
Өспен | ▼786 |
Босаға | ▼735 |
Нұра | ▼723 |
Жұмыскер | ▼667 |
Қошқарбай | ▼656 |
Талды | ▼634 |
Төменгі Қайрақты | ▼612 |
Батық | ▼602 |
Красная Поляна | ▼578 |
Ақой | ▼539 |
Көктіңкөлі | ▼518 |
Аудан басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Ауатком төрағалары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Аудан әкімдері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Шет ауданының тумалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сәкен Сейфуллин
- Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев
- Сыдық Мұхамеджанов
- Рымқұл Сүлейменов
- Жүсіпбек Алтайбаев
- Дәулет Ырысбайұлы Сәтибеков
- Дидар Қамиев
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ file:///D:/DATA/Downloads/SHyragdan.pdf
- ↑ Шет ауданы. Энциклопедия. Алматы. ҚазАқпарат. 2013. 382 б.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://adebiportal.kz/upload/iblock/f22/f229c36304cbdc2412cea2514a00100d.pdf ТЕМІРАСТАУ, Кәмел ЖҮНІСТЕГІ
- https://turkystan.kz/article/64877-otyz-birdi-ojrany Мұрағатталған 30 шілденің 2018 жылы. «Отыз бірдің» ойраны
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайт Мұрағатталған 1 қазанның 2008 жылы.
- ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ, Аудан басшылары// Орталық Қазақстан.-2006.-19 тамыз.-9 б.
|
|
|