Мазмұнға өту

Шелихов шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шелихов шығанағы
орыс. Залив Шелихова
Шелихов шығанағы
Шелихов шығанағы
Сипаттамасы
Түрішығанақ
Тереңдігі350 м
Орналасуы
60° с. е. 158° ш. б. / 60° с. е. 158° ш. б. / 60; 158 (G) (O) (Я)Координаттар: 60° с. е. 158° ш. б. / 60° с. е. 158° ш. б. / 60; 158 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияОхота теңізі
Ел Ресей
АймақтарМагадан облысы, Камчат өлкесі
Шелихов шығанағы (Ресей)
Шелихов шығанағы

Шелихов шығанағыОхота теңізінің Солтүстік-Шығыс Азия жағасы мен Камчатка түбегінің аралығындағы солтүстік бөлігі.

Теңізден шамамен Пьягин түбегі тұсынан бөлінеді. Ұзындығы 650 км, ені кіре берісінде 130 км, ең енді жері 350 км. Орташа тереңдігі 50 — 150 метр. Орта тұсында оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысқа қарай созылған су асты шұңғымасында тереңдігі 350 метрге дейін жетеді. Жағалауы түзу сызықты, жартасты, аз тілімделген. Солтүстік бөлігінде ұсақ шығанақтар мен қолтықтар таралған. Ең ірілері Гижига және Пенжина қолтықтары. Оларды Тайгонос түбегі бөліп тұр. Шығанаққа құрлықтан және Камчатка түбегінен көптеген өзендер (Пенжина, Гижига, Таловка, Парень, Яма, т.б.) құяды. Қазанқараша айларынан мамыр — маусымға дейін қатады. Толысу толқынының биіктігі Пенжина қолтығында 12,9 метрге жетеді. Жартасты жағалауында құс базары бар. Балық (майшабақ, палтус, камбала, навага) ауланады.