Шегіргүл тұқымдасы
Viola banksii
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Шегіргүл тұқымдасы (лат. Violaceae) – қос жарнақты, шөптесін өсімдіктер, кейде бұта, шала бұталар. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда өсетін 22 туысы, 900-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда бір туысы — шегіргүл бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері дұрыс кейде бұрыс пішінді, ірі, қос жынысты (дара жыныстылары өте сирек кездеседі), жеке кейде шоғырланып өседі. Тостағанша, күлте жапырақшалары және аталықтарының саны бесеуден; гинецейі (жабық тұқымды өсімдіктер гүліндегі аналық жиынтығы) 3, сирек 2 — 5 жеміс жапырақшаларынан құралады. Жемісі — үш қақпақты қорапша, сирек жидек немесе жаңғақ түрінде болады, олар піскен кезде қақырап ашылады. Шегіргүл тұқымдасын әдемі гүлдері үшін сәндік өсімдік ретінде қолдан өсіреді; көпшілік түрлері эфир майлы және дәрілік өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін Leonіa glycycarpa өсімдігінің жемісі жеуге жарамды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 9 том