Шашыранды элементтер
Шашыранды элементтер - табиғи жағдайда химиялық қосылыстары өте сирек кездесетін немесе өз қосылыстарын түзбейтін химиялық элементтер. В.И. Вернадский Шашыранды элементтерге Lі, Sc, Ga, Br, Rb, Y, Nb, Қn, Cs, Tа элементтерін жатқызады. Соңғы кезде Ge, Se, Te, т.б. кейбір элементтерді де осы топқа жатқызып жүр. Шашыранды элементтер жер қыртысында өз минералдарын түзбейтіндіктен дербес кен орындарын құрамайды және шашырау ореолдары түрліше. Шашыранды элементтер көп тараған элементтердің минералдарында изоморфтық қоспа түрінде кездеседі (калий минералдарындағы Rb, алюминий минералдарындағы Ga, сфалериттегі Қn, т.б.) Бұл процесс негізгі (мол) элементтермен Шашыранды элементтердің кристаллохим. қасиеттері бір-біріне сәйкес келген жағдайда орын алады. Қолайлы геохим. жағдайларда Шашыранды элементтер кеннің негізгі элементімен бірге өндіріледі. Сондықтан, көптеген зеттеушілер Шашыранды элементтер терминін серіктес элементтер терминімен алмастыруды ұсынып жүр. Ағылшын-америкалық ғалымдар Шашыранды элементтерді табиғатта өте сирек кездесетін элементтер деп, ал ТМД-лық геохимиктер оларды бөтен минералдардың кристалдық торларында орналасқан серіктес элементтер деп есептейді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |