Шалғын көбелегі
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Шалғын көбелегі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Loxostege sticticalis (Linnaeus, 1761) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Шалғын көбелегі (Loxostege stіctіcalіs L.), қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол Қазақстанның батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында кең тараған. Қанаттарының өрісі 18 — 26 мм, алдыңғысы сұрғылт, қызыл қоңыр қара жолақты, ал артқы қанаттары қоңыр сұрғылт болып келеді. Топырақты паналап қыстап шығатын жұлдызқұрттары көп қоректі, көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге (қант қызылшасы, күнбағыс, [[бұршақ, жоңышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері және жусан) көп зиян келтіреді. Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр — маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15 — 20 күнге созылады. Күресу шаралары: агротехникалық талаптарды қатаң сақтау және егістікті химиялық препараттармен өңдеу.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |