Хуанхэ
Хуанхэ | |
---|---|
қыт. 黄河 | |
Хуанхэ | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 5464 км |
Су алабының ауданы |
752 000 км² |
Су алабы | Сары теңіз |
Су шығыны | 2571 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Тибет таулы қыраты |
• Биіктігі | 4500 м |
• Координаттары | 34°39′31″ с. е. 96°20′25″ ш. б. / 34.65861° с. е. 96.34028° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Сары теңіз |
• Биіктігі | 0 м |
• Координаттары | 37°45′47″ с. е. 119°09′43″ ш. б. / 37.76306° с. е. 119.16194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°45′47″ с. е. 119°09′43″ ш. б. / 37.76306° с. е. 119.16194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Хуанхэ өзенінің картасы | |
Ел | Қытай |
Ортаққордағы санаты: Хуанхэ |
Хуанхэ (қыт. дәст. 黃河, жеңіл. 黄河, пінин: Huáng hé;, сөзбе-сөз: «сары өзен») — Азияның ең ірі өзені, Қытайдың шығыс бөлігінен ағады. Суы тым лайлы болуынан “сары өзен” аталған. Ұзындығы 4845 километр, су жиналатын алабының ауданы 771 мың км². Ірі салалары — Таохэ, Вэйхэ, Лохэ, Датунхэ, Фэньхэ, Циньхэ. Тибет таулы қыратының шығысындағы 4000 м биіктіктегі Баян-Хара-Ула жотасынан басталып, Сары теңіздің Бохайвань шығанағына атырау жасап құяды. Жоғарғы ағысында Куньлунь тау жүйесіндегі Орин-Нур және Жарин-Нур көлдері және Наньшань тауларының сілемдері арқылы ағады. Орта ағысында қырқалы Ордос және Сары топырақ үстірттері арқылы үлкен ирелең жасап, Шаньси тауларынан терең шатқалдармен (Саньмынься, т.б.), төменгі ағысындағы соңғы 700 километрді Ұлы Қытай жазығы арқылы ағады. Орташа су ағымы 2000 куб метр/секунд; режимі муссондық. Су тасығанда деңгейінің ауытқу шегі жазық бөлігінде 4–5 м-ге, таулы бөліктерде 15–20 м-ге дейін көтеріледі. Х. Сары топырақ үстірті мен Шаньси тауларынан тасындылар мен тосқындарды шайып әкетіп, оның жыл сайынғы көрсеткіштері жөнінен (1380 млн т) дүние жүзі өзендері бойынша 1-орын алады. Мыс., 1 куб метр суында 34 кг (тасқын кезінде 700 кг) тосқын болады. Тасындылардың жиналуына байланысты арнасы маңындағы жазықтардан 3 — 10 м биікке көтерілген. Хуанхэ және оның салаларындағы тұрғызылған ұзындығы 5000 км-дей көтерме бөгеттер (дамбылар) жиі бұзылып, су басулар болып тұрады. Саньмынься және Люцзяся СЭС-лары салынған. Хуайхэ өзенімен бірге Ұлы каналмен жалғастырылған. Төменгі ағысында кеме жүзеді. Алабында халық жиі қоныстанған; Қытайдың егістік жерінің 40%-ы осында. Жағалауындағы ірі қалалары: Ланьчжоу, Баотоу, Лоян, Чжэнчжоу, Кайфын, Цзинань.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |