Мазмұнға өту

Христиан кварталы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Христиан кварталының картасы

Әл-Құдыс атты көне қаладағы Христиан кварталы - әртүрлі ағымдағы бүкіл христиан діндерінің бәріне ортақ киелі жер. Кварталдың жан-жағы қамалмен қоршалған. Әл- Құдыстағы ежелгі төрт кварталдың бірі. Бұдан басқа еврей кварталы, мұсылман кварталы және армян кварталы деген кварталдар бар. Христиан кварталында христиандардың ең киелі жерлерінің бірі - Иса пайғамбардың «қайта тірілу ғибадатханасы» бар.

Сонымен қатар қырықтан астам христиандық киелі орындар орналасқан. Христиан кварталы шіркеудің маңында салынған. Бұл шіркеу осы кварталдың жүрегі болып табылады. Төңірегінде басқа шіркеулер мен монастырьлар бар. Квартал аумағында көптеген дүкендер мен дәмханалар, мейрамханалар мен қонақүйлер орын тепкен. Шіркеу маңына шіркеуге келіп-кетушілердің түнеуіне арналып салынған «Каса Нова» қонақүйі, «Грек» католик қонақүйі және тағы басқа көптеген жекеменшік қонақүйлер шоғырланған. Кварталдың ортасында христиан әлемінің ең киелі жерлерінің бірі Иса пайеамбардың қайта тірілу ғибадатханасы бар.

Қайта тірілу шіркеуінің ішінде христиан дініндегі бірнеше маңызды нысандар сақталған. Олар - Иса пайғамбарды жуындыру тасы, моласы және күмбез. Христиан кварталында сондай-ақ «Виа Долороза» деп аталатын жол бар. Тіке- лей аударғанда «шоқындырылған жол» деген мағынаны білдіреді. «Виа Долороза» - Иса пайғамбардың креске керілгенге дейінгі жүріп өткен жолы.

Бүгінде көптеген христиандар Иса пайғамбардың соңғы жүріп өткен жолы - «Виа Долороза» жолымен жүріп өтіп, қасиетті орынға тәу етеді. Шіркеу Кальвария төбесінің ескі орнында орналасқан. Аңыз бойынша, осы жерде Иса пайеамбар креске керіліп, жерленген және қайтадан тірілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.