Мазмұнға өту

Хинкали

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хинкали

Хинкали (груз. ხინკალი) — грузин асханасының дәстүрлі тағамы, Пшави, Мтиулети, Хевсурети атты Грузия елінің таулы аймағынан шыққан. Кейін Кавказға мен КСРО-ға таралған.

Тағамның құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хинкалиді әдетте шошқа немесе сиыр етімен толтырады, кейде қой еті де қолданылады. Бірақ-та басқа ет ешқашан хинкалиге қосылмайды, Оны кесілген немесе фарш түрінде қосады. Оған міндетті түрде түрлі дәмдеуіштер мен көкөністер қосылады.

Хинкалиді дайындаған кезде аса маңызбен оларға пішін беруге қарайды. Дәстүрлі грузин әйелдері оларды кішкентай "құйрық" болатындай етіп мүсіндейді, Әдетте, құйрық жағына келгенде 18 бүктеуден кем емес болу керек. Ол арқылы оларды ынғайлы ұстауға және жеуге болады. Құйрық ішінде шикі болғандықтан, оны тамақтанғаннан кейін лақтырып тастайды. Хинкалиді қайнатылған суда пісіруге немесе қуыруға болады.