Мазмұнға өту

Хинди

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Хинди тілі бетінен бағытталды)
Сурет
Елдер:

Классификация
Санаты:

???

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

хин 770

ISO 639-1:

hi

ISO 639-2:

hin

ISO 639-3:

hin

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Хинди тіліҮндістанның мемлекеттік және негізгі әдеби тілінің бірі. Хинди тілі Үндіеуропа тілдері шоғырының үндіарий тармағына жатады. Хинди тілінде сөйлеушілердің саны 194 млн-дай адам (2002). Солтүстік пен орталық Үндістанның Уттар-Прадеш, Мадхья-Прадеш, Харьяна, Раджастан, Химачал-Прадеш, Бихар штаттары мен Дели одақтас аумағының халқы сөйлейді. Хинди тілі екі диалектілік топқа бөлінеді:

  1. батыс диалектісіне кхари боли, бангару (немесе хариани), брадж, канауджи, бундели;
  2. шығыс диалектісіне авадхи, багхели, чхаттисгархи говорлары жатады.

Сөйлесу деңгейінде хинди және урду тілдерінің айырмашылығы жоқ.[1]. Урду тілі араб және парсы тілдерінен кірген сөздердің бар болуымен, және араб алфавитін қолдануымен ерекшеленеді (хиндидің дәстүрлі жазуы - деванагари)


Әдеби тіліне кхари боли диалектісі негіз болған. Фонетикалық ерекшелігі жаңа үнді тілдерінің барлығына ортақ. Дауысты дыбыстар қысқа және созылыңқы, мұрын жолды дыбыстарға ажыратылады. Дауыссыз дыбыстар қатаң және ұяң, тіл арты, тіл ортасы, тісті, ерінді, фарингалды болып, кірме сөздердің айтылуы тіл алды және ерінді деп ажыратылады. Лексикасында санскритизмдер мен неологизмдер мол ұшырасады. Санскриттен тікелей ауысқан сөздер мен санскрит негізінде қалыптасқан жаңа атаулар көп. Хинди тілі морфологиялық құрылымы жағынан жалғамалы тіл болғанымен, флексия элементі де кездеседі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі пысықтауыш, бастауыш, толықтауыш, баяндауыш арқылы анықталады. Анықтауыш анықталатын сөздің алдында тұрады. Хинди тілінде деванагари жазуы пайдаланылады. [2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Urdu language — Britannica Online Encyclopedia. Britannica.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 маусым 2013. Тексерілді, 18 желтоқсан 2011.
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том