Хатлон облысы
Облыс | |
Хатлон облысы | |
тәж. вилояти Хатлон | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді |
4 қала және 21 аудан |
Әкімшілік орталығы | |
Облыс төрағасы |
Һакимзода Қурбон |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
2 желтоқсан 1992 |
Жер аумағы |
24,600 км² (4 орын) |
Ірі қаласы | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
3,048,200 адам (2016)(1 орын) |
Тығыздығы |
123,9 адам/км² (2 орын) |
Ұлттық құрамы | |
Конфессионалдық құрамы |
көбінесе Суннит мұсылмандар |
Сандық идентификаторлары | |
Аббревиатура |
TJ-KT |
Хатлон облысы (тәж. вилояти Хатлон) — Тәжікстан құрамындағы елдің оңтүстік-батысында орналасқан облысы. Орталығы Хатлон қаласында орналасқан облыстың халық саны 3,048,200 адамға тең, және жерінің ауданы 24,600 шаршы километрге тең.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс елдің оңтүстік-батысында орналасқан, ол Ауғанстанның Бадахшан, Балх, Құндыз және Тахар провинцияларымен және Өзбекстанның Сұрқандария облысымен шектеседі.
Хатлон облысының климаты континенттік болып келеді. Облыс жерінің көпшілігінде таулар орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес Одағы жылдары қазіргі Хатлон облысы жерінде екі облыс болатын: батысындағы Қорған-Төбе облысы және шығысындағы Куляб облысы.
Кеңес үкіметі жүргізген қатал коллективизация саясатының нәтижесінде өздерін ғармлар деп атайтын Орталық тәжіктер таулы аймақтан елдің батысы, соның ішінде жері жазығырақ жеріне көшуге мәжбүр болды, олар түрлі мемлекеттік қызметтерден шеттетілді, кемсіту көрді, таулы жерден отырықшы өмір салтына көшуде қиындықтарға тап болды. Осы қатал саясаттың және халықтың жаппай орын ауыстыруы қазіргі Тәжікстанда да байқалады: Хатлон облысының тәжіктерінің бір жартысы өздерін таулардан келген ғармлар деп санаса, қалғаны кулябтықтар деп аталады. жылы орын алған Тәжік азаматтық соғысы кезінде осы екі топ арасында ірі қақтығыстар болды, Хатлон облысы елдің ең көп зардап шеккен аймағы болды.
Азаматтық соғыстан бері екі топ арасындағы шиеленіс әлі де сезіледі, шығыстағы Куляб тумалары үкіметтің көпшілігін басқаруда, қазіргі президенті Эмомали Рахмон мен оның кланы кулябтықтар болып саналады. Облыс орталығы Бохтардағы ғармлар көпшілігі Исламистік оппозицияны қолдайды.[1]
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылғы санақ бойынша Хатлон облысы халқының 81.8% тәжіктер, 12.9% өзбектер және 0.5% түрікмендер. Қалған 4.6% халық — басқа ұлт өкілдері.
Халық саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи халқы[2] | ||
---|---|---|
Жылы | Халқы | /- |
1979 | 1,220,949 | — |
1989 | 1,701,380 | 3.37% |
1999 | 2,150,136 | 2.37% |
2010 | 2,677,251 | 2.01% |
2020 | 3,348,300 | 2.26 |
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хатлон облысы 4 қала және 21 ауданға бөлінген.
№ | Аудан | Тәжікше атауы | Орысша атауы | Орталығы | Ауданы (км²) | Халық саны (қаңтар 2020)[3] |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | Бальджуван | Ноҳияи Балҷувон | Балджуванский район | Бальджуван ауылы | 1,300 | 30,4 |
2 | Данғара | Ноҳияи Данғара | Дангаринский район | Данғара | 2,000 | 161 |
3 | Ашт | Ноҳияи Дӯстӣ | район Дусти | Ҷиликӯл (Жылыкөл) | 1,200 | 117,1 |
4 | Пархар | Ноҳияи Фархор | Пархарский район | Пархар | 1,200 | 170,8 |
5 | Хамадони | Ноҳияи Ҳамадони | район Хамадони | Московский | 500 | 23,3 |
6 | Джалолиддин Балхи | Ноҳияи Ҷалолиддин Балхӣ | район Джалолиддин Балхи | Балх | 900 | 26,4 |
10 | Джайхун | Ноҳияи Ҷайҳун | район Джайхун | Дӯстӣ | 1,000 | 139 |
11 | Әбдурахман Джами | Ноҳияи Абдураҳмони Ҷомӣ | район Абдурахмана Джами | Әбдурахман Джами | 600 | 175,8 |
13 | Хорасан | Ноҳияи Хуросон | Хуросонский район | Обикиик | 900 | 116,5 |
14 | Кушониён | Ноҳияи Кӯшониён | Кушониёнский район | Исмоили Сомони | 600 | 245,9 |
15 | Муминабад | Ноҳияи Мӯъминобод | Муминабадский район | Муминабад | 900 | 94,7 |
16 | Носири Хусрав | Ноҳияи Носири Хусрав | район Носири Хусрав | Бахори | 800 | 39,3 |
15 | Пандж | Ноҳияи Панҷ | Пянджский район | Пандж | 900 | 119,7 |
15 | Құбодиён | Ноҳияи Қубодиён | Кубодиёнский район | Муминабад | 900 | 94,7 |
15 | Шахритус | Ноҳияи Шаҳритӯс | Шахритусский район | Шахритус | 1,500 | 130 |
15 | Шамсиддин Шохин | Ноҳияи Шамсиддин Шоҳин | район Шамсиддин Шохин | Шурообод | 2,300 | 55,5 |
15 | Темірмәлік | Ноҳияи Темурмалик | Темурмаликский район | Бахранмунд | 1,000 | 69,8 |
15 | Вахш | Ноҳияи Вахш | Вахшский район | Вахш | 1,000 | 199,3 |
15 | Восеъ | Ноҳияи Восеъ | Восейский район | Хулбук | 900 | 94,7 |
15 | Ёвон | Ноҳияи Ёвон | Яванский район | Муминабад | 900 | 234,6 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Borjian, Habib, Kurgan Tepe, Encyclopaedia Iranica Online Мұрағатталған 16 сәуірдің 2019 жылы.
- ↑ Tajikistan: Regions (ағыл.). CityPopulation. Тексерілді, 4 маусым 2023.
- ↑ Шумораи аҷолии ҷумхурии тоҷикистон то 1 январи соли 2020: Численность населения Республики Таджикистан на 1 января 2020 года Wayback Machine мұрағатында