Хасан (жанартау)
Хасан жанартауы | |
tr/Hasan Dağı | |
Хасан жанартауы (2006 жыл) | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі |
Кіші Азия таулы өлкесі |
Үстірт |
Анатолия таулы үстірті |
Жанартау пішіні |
Стратовулкан |
Биіктігі |
3253 м м |
Орналасуы |
Хасан тауы, Хасандаг - Түркиядағы Нигде провинциясындағы сөнген жанартау болып табылады. Оның биіктігі 3253 м-ді құрайды. Қазіргі уақыттағы шыңға жақын орналасқан кальдералар б.з.д. 7500 жыл бұрын пайда болған.
Тау «Хасан Даги» деген атпен де белгілі. Таудың әсем табиғатын көпшілік сүйіп тамашалайды. Орталық Анадолыдағы массивті қос шыңды стратожанартау салдарынан Хасан тауындағы төрт кальдера қираған. Соның нәтижесінде ені 4-5 шақырымды қурайтын кальдера пайда болды.
Хасан Даг Чатал халқы ұшін құрметті тұлға болған. Хасан Даг XII ғасырда II Кылычарслан сұлтанның тұсында армия командирі болған. Кратердің батыс жағында Хасан Дагтың зираты бар. Тауға көлікпен жету мүмкін емес. Сол себепті тау шыңына шығу үшін алты сағат бойы жаяу жүруге тура келеді. Ал, қыс мезгілінде Хасан тауына көтерілу өте қауіпті.
Таудың биік шыңдарын одан сәл кішілеу шыңдар қоршап турады. Бұл көрініс Хасан тауы нөкерлері қоршап тұрған патша бейнесін елестетеді. Хасан сөнген жанартау болып есептеледі.
Хасан тауының бөктерінде мәдени әрі тарихи құндылықтар бар. Олар: Нора ежелгі қоныстары, Саригол шіркеуі және т.б. Шыңда тұрып Орталық Анадолы үстіртің сонымен қатар бүкіл Кападокияны тамашалауға болады.
Хасан тауының қар басқан шыңының биіктігі - 3268 м. Ол Ақсарайдағы жолдан ары қарай алыс аймақта орналасқан. Хасан тауы мәдени саяхаттау орталығы болып табылады. Хасан тауы Орталық Анадолыда биіктігі бойынша екінші орын алады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.