Харриет Лэйн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Харриет Лэйн
Harriet Lane
Харриет Лэйн
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1857 жыл — 4 наурыз 1861 жыл
Ізашары Джейн Пирс
Ізбасары Мэри Тодд Линкольн
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 9 мамыр 1830 (1830-05-09)
Франклин округі, Пенсильвания, АҚШ
Қайтыс болуы 3 шілде 1903 (1903-07-03) (73 жас)
Наррагансетт, Род-Айленд, АҚШ
Әкесі Эллиот Тол Лэйн
Анасы Джейн Энн Лэйн
Жұбайы Генри Эллиот Джонстон
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Харриет Ребекка Лэйн Джонстон (ағылш. Harriet Rebecca Lane Johnston; 9 мамыр 18303 шілде 1903) – Америка Құрама Штаттарының 15-ші президенті Джеймс Бьюкененнің немере қарындасы және 1857-1861 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Харриет Лэйн

Лэйн Франклин округі, Пенсильванияда 1830 жылы 9 мамырда дүниеге келді. Харриет саудагер Эллиот Том Лэйн және Джейн Энн Лэйннің қызы болды. Он бір жасында ол жетім қалады.  Оның қамқоршысы Джеймс Бьюкенен атанды. Харриет Чарльстон, Батыс Виргиниядағы мектеп-интернатта, ал сосын Вашингтондағы Джорджтаундық әйелдер монастыріннің мектебінде оқыды.

Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астана өзінің «демократиялық патшайымын» Ақ үйде 1857 жылы қарсы алды. Харриет Бьюкененнің президенттілігі кезінде өте әгілі болды: әйелдер оның шаш үлгісін, киім киісін қайталап, қыздарын оның атымен атаған. Ақ үйде тұрған кезде резервациядағы ежелгі американдықтардың жағдайын жақсартуға тырысты. 

Жас кезінен бастап Лэйн көптеген дендиге қырыңдап, оларды «сүйкімді, бірақ жағымсыз» деп атады. Бьюкенен оға жиі «асығыс тұрмысқа шығу» туралы ескертетін. Отыз алты жасында ағасының келісімімен Харриет банкир Эллиот Джонстонға тұрмысқа шығады.  

Өмірінің соңы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Харриет Лэйн қатерлі ісіктен 1903 жылы 3 шілдеде Наррагансет, Род-Айлендте қайтыс болады. Ол Балтимор, Мэрилендте орналасқан Грин-Маунт мазарында көмілген.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]