Ханша
Ханша — ханның әйелі. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттерде хандардың әйелдері ғана Ханша аталды. Түркі-моңғол ұлыстарында кейде Ханшалар мемлекеттік істерге де араласып отырды. Әсіресе, хан көтеру кезінде өз ұлдарының таққа отыруы үшін түрлі әрекеттер жасады. Елге беделді ақсүйектерді өз жағына тартып, ұлдарын хан етіп тағайындауға үгіттеді. Құрылтайға өз өкілдерін жіберіп, қайтыс болған хан өсиетінің орындалуын қадағалауға ұмтылды. Шыңғыс хан әулетінің тарихына қатысты дерек көздерінде ханның (мысалы: Күйік ханның) әйелдері (Оғыл-Қаймыш, Төлі-гәйхан) есімдеріне Ханша сөзі қосылып айтылады. Кейінгі орта ғасырларда Ханшаны ел құрметтеп ханым деп атады. Бұл сөздің бастапқы мән-мағынасы қазіргі таңда елеулі өзгерістерге ұшыраған.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |