Халықаралық Олимпиада күні
Халықаралық Олимпиада күні (ағылш. International Olympic Day) жыл сайын ХОК шешімімен 23 маусым күні мерекеленеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1948 жылдың қаңтар айында Санкт-Морицте өткен ХОК-тің 48-ші сессиясы кезінде Халықаралық олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада күнін жыл сайын 23 маусым күні мерекелеуді шешті. Бұл күнді таңдауға болған себеп, 1894 жылы 23 маусым күні олимпиада қозғалысын жаңартушы, ынтагер барон Пьер де Кубертен атлетикалық конгресстің алдында өзінің тарихи баяндамасында ХОК-тің құрылғанын жариялаған. 1896 жылы конгресстің алғашқы Олимпиада ойындарын Грекияда өткізуді шешімін қабылдағаннан кейін, Пьер де Кубертен ХОК-ті басқаруды бастады. Бірінші Олимпиадада 13 елден келген 311 атлет, спорттың 13 түрінен сынға түсті. 1967 жылы Халықаралық олимпиада комитеті 23 маусымды - Халықаралық Олимпиада күні деп атады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — Олимпиада ойындары туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |