Тораптық әуежай
(Хаб (авиация) бетінен бағытталды)
Тораптық әуежай (сонымен қатар, хаб атауы да кеңінен қолданылады ағылш. airline hub) — жолаушылардың рейс ауыстыру нүктесі ретінде және түйістіруші рейстардың жоғары пайызымен ерекшеленетін, әуекомпания немесе әуекомпаниялар альянсы тарапынан қолданылатын әуежай. Жолаушылар тораптық әуежайларды, көбінесе, тікелей әуе рейстары болмаған әуежайлардың арасында сапар жасау үшін бір рейстен екінші рейске ауысу арқылы пайдаланады.
Әуекомпаниялар өздерінің базалық (негізгі) әуежайларын жиі тораптық етіп жолаушылар тасымалы, әрі жүк тасымалы үшін қолданады. Қазақстанда Астана және Алматы әуежайлары ішкі, әрі сыртқы ұшу бағыттарында хаб қызметін атқарады.