Фьорд
Фьорд, фиорд (норв. fjord) — жағалаулары биік, тік құз, ені тар әрі терең, ұзына бойы созылған теңіз шығанағы. Өзен аңғары немесе тектоникалық жарықты мұздық жырып кеңейткеннен кейін теңіз суы басуынан пайда болады. Тереңдігі 1000 м-ден асады, ұзындығы 200 км-ге дейін барады (Норвегиядағы Сочне-фьордтың ұзындығы 204 км, ені 1,5 — 6 км, тереңдігі 1245 м). Кіре берісін теңізден су асты шоңғалы бөліп тұрады. Шоңғал мореналардан немесе түпкі жыныстардан тұрады. Фьордтар солтүстік жартышардың да, оңтүстік жарты шардың да плейстоцен мұз басуына ұшыраған немесе қазіргі мұздықтар таралған биік ендіктеріне тән. Солтүстік жартышарда Норвегия, Гренландия, Шпицберген, Жаңа Жер, Таймыр, Чукча түбегі, оңтүстік жарты шарда Жаңа Зеландия және Патогония жағалауларында кездеседі.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |