Мазмұнға өту

Франсуа Олланд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Франсуа Олланд
François Hollande
Франсуа Олланд
Лауазымы
Ту
Ту
Францияның 24-ші президенті
Бесінші республиканың 7-ші президенті
Ту
Ту
15 мамыр 2012 жыл — 15 мамыр 2017 жыл
Ізашары Николя Саркози
Ізбасары Эммануэль Макрон
Өмірбаяны
Партиясы Социалистік партия (1979 жылдан бастап мүше)
Діні католик
Дүниеге келуі 12 тамыз 1954 (1954-08-12) (70 жас)
Руан, Франция
Әкесі Жорж Олланд
Анасы Николь Триберт
Жұбайы 1) Сеголен Руаяль
(1973 — 2007)
2) Валери Триервейлер
(2007 жылдан бастап)
Балалары 1) Томас (1984 ж.)
2) Клеменс (1985 ж.)
3) Жульен (1987 ж.)
4) Флора (1992 ж.)
Сайты Франсуа Олландтың ресми веб-сайты
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Франсуа Олланд Ортаққорда

Франсуа Жерар Жорж Николя Олланд (фр. François Gérard Georges Nicolas Hollande; 12 тамыз 1954, Руан) — француздық саяси және мемлекеттік қайраткер, Франция социалистік партиясының алғашқы хатшысы (19972008). Францияның Ұлттық жиналысының депутаты (19881993; 1997 жылдан бастап), Тюль қаласының мэрі (2001—2008). 2008 жылдан бастап Коррез департаменті бас кеңесінің президенті.

Социалистік партиядан 2012 жылдың Франциядағы президенттік сайлауының жеңімпазы. 22 сәуірде өткен бірінші турда 28,63 % дауыс жинап, Николя Саркозимен бірге екінші турға өтті, ал 6 мамыр күні өткен сайлаудың екінші турында Саркозиді жеңіп, Францияның 24-ші президенті болып атанды.

Өмірбаяны

Дәрігер ортопед Жорж Олландтың және әлеуметтік қызметші Николь Триберттің отбасында дүниеге келген.

Париж қаласының политехникалық зерттеулер институтында (Sciences Po) және HEC Paris бизнес мектебінде заң мен бизнесті оқып, білімі алған.

19781980 жылдар аралығында Ұлттық басқару мектебінде (ENA) білім алған. 1979 жылы, оқу кезінде сонда социалистік партияға кірді. Оқуды бітіргеннен кейін Есеп палатасында аудитор болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, 1980-ші жылдарында саяси істермен белсенді айналысқан. 1981 жылдың президенттік сайлау кезінде Франсуа Миттеранның экономикалық кеңесшісі және сенімді тұлғасы ретінде сөз сөйледі.

1984 жылы Олланд Есеп палатасының кеңесшісі болып тағайындалды.

1988 жылдан 1993 жылға дейін және 1997 жылдан бастап социалистік партиясының тізімі бойынша Франция Ұлттық жиналысының депутаты болып табылады.

1997 жылы социалистік партиясының алғашқы хатшысы қызметін алды.

2001 жылдан 2008 жылға дейін Тюль қаласының басшысы болған.

2008 жылы Коррез департаменті бас кеңесінің мүшесі, ал содан кейін президенті болып сайланды. Сол уақытта ол партияның алғашқы хатшысы қызметін босатты. 2011 жылы мемлекеттік кеңесінің президенті болып қайта сайланды.

Еңбектері

Сыртқы сілтемелер

Француз Республикасының президенттері
1848 1852 1871 1873 1879 1887 1894 1895 1899
Луи-Наполеон
Бонапарт
Адольф
Тьер
Патрис
Мак-Магон
Жюль
Греви
Сади
Карно
Жан
Казимир-Перье
Феликс
Фор
1899 1906 1913 1920 1920 1924 1931 1932 1940 1947
Эмиль
Лубе
Арман
Фальер
Раймон
Пуанкаре
Поль
Дешанель
Александр
Мильеран
Гастон
Думерг
Поль
Думер
Альбер
Лебрен
1947 1954 1959 1969 1974 1981 1995
Венсан
Ориоль
Рене
Коти
Шарль
де Голль
Жорж
Помпиду
Валери
Жискар д’Эстен
Франсуа
Миттеран
1995 2007 2012 2017
Жак
Ширак
Николя
Саркози
Франсуа
Олланд
Эммануэль
Макрон

ТарихI РеспубликаII РеспубликаIII РеспубликаIV РеспубликаV Республика