Фернандо Муслера

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Фернандо Муслера Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Нестор Фернандо Муслера Миколь

Туған күні

16 маусым 1986 (1986-06-16) (38 жас)

Азаматтығы

 Уругвай

Бойы

190

Салмағы

84

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Уругвай Галатасарай

Номері

1

Клуб карьерасы[* 1]
2004—2007 Уругвай Монтевидео Уондерерс 44 (-46)
2006—2007  Уругвай Насьональ 4 (-4)
2007—2011 Италия Лацио 96 (-116)
2011— Түркия Галатасарай 285 (-285)
Ұлттық құрамы[* 2]
2009—  Уругвай 115 (-117)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Нестор Фернандо Муслера Миколь (ис. Néstor Fernando Muslera Micol; 16 маусым 1986 жыл[1], Буэнос-Айрес) — уругвайлық футболшы, Уругвай Ұлттық футбол құрамасы мен "Галатасарай" клубының қақпашысы.

2007 жылы жазда "Насьонал Монтевидео" клубынан "Лациоға" ауысты. Трансфер құны 3 млн еуроны құрады. Сол кезде Анджело Перуцци карьерасын аяқтап, "Лационың" негізгі құрамынан бірден орын алды. Бірақ көп ұзамай "Миланмен" ойында Муслера 5 гол жіберіп алды, соның төртеуінде мұның тікелей кінәсі болғандықтан, негізгі құрамдағы орнын 44 жастағы Марко Балоттаға оңай беріп қойды.

Келесі маусымда клубқа аргентиналық қақпашы Хуан Пабло Каррисо келді де, Муслера тағы қосалқы құрамда қалды. Бірақ ұзамай Каррисо формасын жоғалтты, оның үстіне клуб жетекшілерімен бірақ кикілжіңге келіп, клуб тағы да Муслераға көбірек сенім артуына тура келді. Көп ұзамай негізгі құрамға мықтап орнықты.

2011 жылы "Галатасарайға" ауысты. Алғашқы маусымда 18 кездесуде гол жібермей, әйгілі Клаудио Таффарелдің рекордын жаңартты. Сол маусымда Түркия чемпионы атанды.

2017 жылы клубпен тағы да 4 жылдық келісім шарт жасасты.

Халықаралық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірі турнирлерде тұңғыш рет 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Кейін 2014, 2018 жылғы әлем чемпионаттарында да құраманың негізгі қақпашысы болды. Одан бөлек 2013 жылы Конфедерациялар кубогында, 2011, 2015, 2016, 2019 жылғы Америка кубоктарында құрама намысын қорғады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лацио:

  • Италия кубогы: 2008/09
  • Италия суперкубогы: 2009

Галатасарай:

  • Түркия чемпионы (5): 2011/12, 2012/13, 2014/15, 2017/18, 2018/19
  • Түркия кубогы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16
  • Түркия суперкубогы (4): 2012, 2013, 2015, 2016
  • Түркиядағы жыл футболшысы (1): 2015
  • Түркияның үздік қақпашысы (2): 2014/15, 2017/18

Уругвай:

  • Америка кубогы: 2011
  • Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2010
  • Конфедерациялар кубогының жартылай финалисі: 2013

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]