Мазмұнға өту

Фатция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Фатция
жапон фатциясы
жапон фатциясы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Araliaceae
Кіші тұқымдасы: Aralioideae
Тегі: Fatsia
Decne. & Planch.
түрлері

3 түрі белгілі

Фатция (лат. Fatsia) – аралия тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Фатцияның «Аралия» деген тағы бір аты бар. Ол табиғатта Оңтүстік Корея мен Жапонияда ғана кездеседі. Әдемілігі жалпақ жапырақтарында. Үй жағдайының өзінде оның бойының биіктігі 1,5-2 метрге дейін жетеді. Өсуі тез. Үй жағдайында жиі өсірілетін түрі Жапон фатциясы (Fatsia japonica). Жапырақтары үлкен, 15-30 см аралығында болады. Пішіні дөңгелек, 5-9 жапырақшадан құралған. Үй жағдайында гүлдеуі екіталай. Гүлдері оншалықты әрлі де емес. Қолшатыр секілді сабақ басына шоғырланып шығады, түсі ақ. Фатцияны үй жағдайында сирек өсіреді. Оны көбінесе флористикада гүлшоғырларын жасау үшін көп қолданады. Әдемі жапырақтары гүлдестелердің көркін кіргізеді.

Жарықты жақсы көреді. Тұрған жері ашық, күн жақсы түсетін болса жапырақтары да үлкейе түседі. Алакөлеңкеге де аздап шыдайды. Ал, жаз кезінде таза ауаға шығарғыңыз келсе, тіке түскен күн сәулесінен қорғау керек. Немесе алакөлеңкеге орналастырыңыз.

Ауа температурасының 6-10 0С төмендемегені абзал. Ауаның күрт өзгеруінен де зиян шегеді. Салқын жерде тұрған фатцияның жапырақтары кіші, өсуі төмен болады.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазда молынан жиірек, қыста сирек суғарады.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аса ылғалдылықты қажет етпейді. Бірақ жапырағын шаңнан тазарту мақсатында су бүркіп тұрған дұрыс.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көктемнен қоңыр күзге дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған минералды тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріп тұрған дұрыс. Тыңайтқыш жапырағының шымыр, әдемі, түсінің қанық болуына көмектеседі.

Фатцияға щитовка, өсімдік биті мен өрмекші әуес келеді. Көлеңкеде тұрса немесе ауа қатты құрғап кетсе фатция жапырақтарын түсіре бастайды.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтеді. Үй жағдайында сирек гүлдейтіндіктен, ерте көктемде қалемшелеп көбейткен дұрыс.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727