Мазмұнға өту

Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен

Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен [9(20).9.1778, Эстония, Эзель аралы (қазіргі Сааремаа аралы) — 13(25). 1.1852, Кронштадт (Ресей)] — орыс теңіз саяхатшысы, адмирал (1843). Кронштадтағы Теңіз Кадет корпусында оқыды.

  • 1803 — 06 ж. 1-орыс саяхатына қатысты.
  • 1807 — 18 ж. Балтық және Қара теңіздерде әр түрлі кемелердің командирі болды.
  • 1819 ж. Беллинсгаузен басқарған экспедиция Атлант мұхитының антарктикалық бөлігінен бірнеше аралдарды,
  • 1820 ж. 16(28) қаңтарда 69021' о. е. және 2014' б. б. нүктесінде Антарктиданы,
  • 1821 ж. Петр І-нің есімімен аталған аралды, Александр І-нің есімімен аталған жағаны, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдарды ашты.
  • 1821 ж. 24 шілдеде (5 тамыз) экспедиция Кронштадқа оралды.
  • 1828 — 29 ж. түрік-орыс соғысына қатысты.
  • 1839 жылдан Кронштадтың әскери генерал-губернаторы болды.

Тынық мұхиттағы теңіз, Оңтүстік Сахалиндегі мүйіс және Туамоту топаралындағы арал Беллинсгаузеннің есімімен аталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том