Мазмұнға өту

Успен ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Успен ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Успенка

Ауылдық округтер саны

7

Ауыл саны

21

Әкімі

Нұрболат Абылайханұлы Мақашев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, №71

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°55′ с. е. 77°21′ ш. б. / 52.917° с. е. 77.350° ш. б. / 52.917; 77.350 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°55′ с. е. 77°21′ ш. б. / 52.917° с. е. 77.350° ш. б. / 52.917; 77.350 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935 жыл

Жер аумағы

5,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC 5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

12 529[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (36,01 %)
орыстар (28,61 %)
украиндар (19,43 %)
немістер (9,18 %)
татарлар (0,9 %)
беларустар (0,79 %)
молдовандар (0,79 %)
болгарлар (0,64 %)
басқалары (3,65%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

141000-141015

Автомобиль коды

14

Успен ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Успен ауданы

Успен ауданыПавлодар облысында орналасқан аудан. Әкімшілік орталығы — Успенка ауылы. Жер аумағы — 5,5 мың шаршы шақырым.

РКФСР АКЖО Президиумының 1935 жылғы 31 қаңтардағы Қаулысымен Лозовский ауданы болып өзгертілді, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Лозовский ауданы жойылып, оның базасында Успен ауданы құрылды.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Географиялық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Тереңкөл ауданымен, батысында Павлодар ауданымен, оңтүстігінде Шарбақты ауданымен, шығысында Ресейдің Алтай өлкесімен шектеседі.

Климаты қатал континентальды, қаңтардың орташа температурасы −18º-19ºС., шілденікі - 20º 21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм-ді құрайды.

Жер бедері мен гидрография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан жер бедері жазық. Топырағы – қызғылт. Аудан жер қойнауында ас тұзының, табиғи құрылыс материалдарының қоры бар. Үлкен және Кіші Тауылжан көлдерінде бар тұз қорларының өндірістік мәні зор.

Флора және фауна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның өсімдік дүниесі ерекшелігімен көзге түспейді. Мұнда бетеге, жусан, жоса, қоға, солтүстігінде – қайың өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, сарышұнақ, бөдене, үйрек, қаз және басқалары мекен етеді.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 18550 28715 30679 30171 31146 21395 13254 12624

Этникалық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

Санның серпінділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1999 жылы халық саны — 21,4 мың адамды, 2012 жылы — 14,4 мың адамды құрады.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

21 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Қозыкеткен ауылдық округі 1185 970 81,9 601 492 81,9 584 478 81,8
Қоңырөзек ауылдық округі 1532 1186 77,4 763 614 80,5 769 572 74,4
Лозов ауылдық округі 1863 1453 91,2 782 707 90,4 812 746 91,9
Новопокров ауылдық округі 1616 1564 96,8 801 796 99,4 815 768 94,2
Ольгин ауылдық округі 798 681 85,3 398 341 85,7 400 340 85
Равнополь ауылдық округі 2050 1901 92,7 987 979 99,2 1063 922 86,7
Успен ауылдық округі 4479 4869 108,7 2118 2369 111,9 2361 2500 105,9
ЖАЛПЫ САНЫ 13254 12624 95,2 6450 6298 97,6 6804 6326 93

Экономика және ауыл шаруашылығы салаларының дамуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығы болып табыла-ды. Өндірістік қызметтің басты бағыты - өсімдік және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 4 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (80%), 220 шаруа қожалықтары (92,8%), 4268 жеке аулалар (98,6 %) өндіреді.

2009 жылдың 1 сәуірінде қой мен ешкі саны 22,5 мың бас (113,1%), жылқы -4,3 мың (115,4%), шошқа -7,1 (102,3%), ірі қара мал саны 24,4 мың бас (100,7%), құс -52,9 бас (100,6%).

2008 жылмен салыстырғанда ет өндіру 7,8 мың тоннаны құрап, 0,6% артты, сүт өндіру 36,2 мың тонна ( 2008 ж. 100%), жұмыртқа 893,0 мың дана (2008 ж. 102,5%).

Ауданда 12 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. 2009 жылдың 3 айында 869 бас қолдан ұрықтандырылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 10 % артық. Қолдан ұрықтандыруға жалпы мал санының 10,6% тартылды (2008 жылы 9,8%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 10 объекті айналысады (2008 жылы 13 объекті): 2 – шұжық өнімдерін, 1 – өсімдік майларын өндіреді, 1 диірмен, 6 наубайхана.

Ағымдағы жылдың 3 айында қайта өңделген өнім көлемі: ұн - 44 тонна (110%), нан тоқаш бұйымдары 105,6 тонна (103,5%), өсімдік майы - 3,1 тонна (129,2%), шұжық өнімдері 5,0 тонна (111,1%).

Ауданда 17 дайындау пункттері бар (121,4%) оның 8- ет дайындау бойынша, 9 - сүт дайындау бойынша. Дайындалған өнімнің көлемі: ет – 314 тонна (103,3%), сүт – 961 тонна (100,7%), жұмыртқа – 497,0 мың дана.(104,6%).

Әлеуметтік сала

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жыл басынан бері 94 жаңа жұмыс орындары ашылды (2008 ж.-60).

Ашық еңбек рыногында жұмыссыздық деңгейі 3,9 ( 2008 жылы 4,4).

Жұмыссыздар санынан 46 адам (36 адам) немесе жұмыс іздеп келгендердің 57,5% жұмысқа орналастырды.

Ауданда әлеуметтік көмек көрсетілетін 288 аз қамтылған отбастары есепте тұр (282 адам). Көмек алушылардың саны 6 адамға немесе 2,1% артты, 2242 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды және төленді. Балалар жәрдемақысы 95 отбасына (191 бала) төленеді, 2008 жылы 93 отбасы (257 бала). 678,2 мың теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді.

Бір қызметкердің орташа еңбек ақысы 2009 жылдың қаңтар айында 25293 теңгені құрады (117,9%). Нақты еңбек ақының индексі – 119,3%.

Білім беру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның білім беру жүйесін 20 жалпы орта білім беру мектебі құрайды, оның 17 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектеп. Мектеп жасындағы 1924 бала мемлекеттік міндетті білім алуға тартылған. Ауданда мемлекеттік тілде оқытатын 1 мектеп бар.

Ауданда бір кәсіби мектеп бар, онда 215 оқушы ауыл шаруашылығы өндірісінің мастері, тағам кәсіпорнының маманы, тігінші мамандығы бойынша білім алады. 2009 жылы МТБ нығайтуға облыстық бюджеттен жатақхана үшін жихаз және оқушылар жихазын сатып алуға 1,1 млн.теңге бөлінді. Ауданда 3 бала бақша жұмыс істейді, Успен ауылындағы «Балапан» бала бақшасында-156 бала, Констанинов ауылындағы «Айгөлек» бала бақшасында -25 бала, Галицкое ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында- 35 бала бар. «Тілдер туралы» Заңды орындау үшін «Балапан» бала бақшасында екі топ мемлекеттік тілде тәрбиеленеді және оқытылады.

Ауданның педагогикалық ұжымдарында 418 мұғалім бар (94%),олардың 249 жоғары білімді, 142 орта білімді, 27 орта білімді. Барлық мектептерде заман талабына сай компьютерлік сыныптар бар, 20 мектеп Интернет желісіне шыға алады.

Ауданда психологиялық-педагогикалық коррекциия кабинеті жұмыс істейді, оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педаго-гикалық оңалту болып табылады. Кабинетте педагог-психолог, педагог-логопед и дәрігер-психолог мамандар жұмыс істейді.

Ауданның 20 мектебінде оқушыларға ыстық ас ұйымдастырылған. 1924 оқушының 1617-сі ыстық аспен қамтылған. 814 оқушы тегін тамақтанады, соның ішінде 560 бала жаппай оқу есебінен және 254 демеушілер есебінен тамақтанады.

Мектептердің материалдық техникалық жайын қолдау үшін ағымдағы жылы күрделі жөндеуге 34,4 млн.теңге бөлінді, қазандарын ауыстырып, қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізу, жылыту желісін жөндеу, жарық беру, ғимараттардың сыртқы келбеттерін жөндеу жоспарлануда.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға -33,9 млн.теңге бөлінді, 8 оқушылар жихазын, компьютер сыныптарын, химия және физика кабинеттерін сатып алу жоспарланған.

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 40 орындық Успен аудандық орталық ауруханасы, 25 орындық Константиновка селосының учаскелік ауруханасы, 15 орындық туберкулезге қарсы аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункттер, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция және 7 жеке меншік дәріхана бар. Төсек орны соңғы үш жылда артқан жоқ және 2009 жылы 80 орынды құрады, 10 мың адамға шаққанда төсекпен қамтамасыз ету 54,4.

Ауданда медицина қызметкерлерінің кадрлық құрамын 14 дәрігер, 73 орта буын медицина қызметкерлері құрайды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі міндеті көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылды, бұл жоғары білікті мамандарсыз мүмкін емес. Аудан тұрғындарының 10 мыңына шаққанда 9,5 құрайды, орта буынды персонал 49,6.

Туберкулез ауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 59 промилле (2008 жылы 69 промилле).

Онкоауруының көрсеткіші 100 мың тұрғынға 72,8 (2008 жылы -59,6).

Мәдениет және спорт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда мәдениет ошақтарының желісі 37 бірлік, соның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 19 ауылдық клуб мекемелері 1 мұражай. «Бұлақ» бағдарламасына сәйкес Константинов АМҮ 9,9 млн.теңге, Ольгин АМҮ-2,8 млн.теңге, Ковалев АМҮ – 2,0 млн теңге күрделі жөндеу өткізу жоспарлануда.

Аудандық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 0,9 млн теңге бөлінді, костюмдер сатып алу жоспарланған. Ауданда 30 спорт залы бар, БЖСМ жұмыс істейді, 2612 адам спортпен айналысады (2008 жылы 2602).

Областық бюджеттен материалдық –техникалық материалдық базаны нығайтуға 1,0 млн теңге бөлінді, жаңа спорт инвентарларын сатып алу жоспарланған (55 шаңғы жиыны).

Аудан бюджеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан бюджетінің көлемі 2009 жылы 1111,6 млн.теңгені құрады, соның ішінде бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттің үлес салмағы - 88,6% немесе 984,5 млн теңге, оның субвенциясы – 837,7 млн теңге.

Жыл басынан аудан бюджетіне жоспар 28,7 млн теңге болғанда 35,0 млн теңге өз кірісі жұмылдырылды, жоспардан тыс түсім 6,3 млн.теңге немесе 121,9%.

2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі 279,4 млн теңгеге ұлғайды немесе 33,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспар 234,9 млн теңге болғанда 94,2% орындалды, нақты орындалу 221,3 млн теңгені құрады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]