Улы жыландар
Улы жыландар - бауырымен жорғалаушыларға жатады. Жетісу өңірінде улы жыландардың 4 түрі кездеседі. Олар — оқ жылан, дала сұржыланы, кәдімгі сұржылан, кәдімгі боз жылан. Бұл жыландардың бәрі далалы, шөл-шөлейтті жерлерді мекендейді. Оқ жылан — денесі таспадай жіңішке келген әрі тез қозғалады. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ұсак кеміргіштерге, жануарларға уы қауіпті, ал адамға зияны жоқ. Көбінесе құмды, жусанды жерлерді мекендейді. Көктемде 7—8 жұмыртқа салып көбейеді. Қорегі — ұсақ кесірткелер, жәндіктер. Дала сұр жыланы күндіз белсенді тіршілік етеді. Негізгі қорегі — ұсақ кеміргіштер, құстар мен жәндіктер. Кейбіреуі — ірі қара малды шағып, шығын келтіреді. Көбіне орманды дала, өзен мен көлдер жағалауларында тіршілік етуге бейімделген. Балаларын тірі туады. Олардың саны 8—12. Ауыл шаруашылығына көп зияны жок. Боз жылан — барлық жерлерде кең таралған. Құмдауыт, тастақты жерлерді, әсіресе, Жетісу (Жоңғар) Алатауының күнгей жақтарын мекендейді. Улы жыландардың адам тіршілігіне пайдасы да мол. Олардан алынатын удан медицинада шипалы дәрі-дәрмек жасалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |