2019 жылғы УЕФА Суперкубогы 14 тамыз күні Ыстанбұлдағы "Водафон Парк" стадионында өтті. Онда 2019 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы "Ливерпуль" мен УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы "Челси" (Лондон) өзара кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды да, "Ливерпуль" пенальтилер сериясында 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл аталмыш турнирдің 44-ші жарысы. Сондай-ай, ағылшын клубтары өзара ойнаған тұңғыш матч.
Матчты өткізуге Астанадағы "Астана Арена" да үміткер болды[1], алайда ұсыныстары қабылданбады. 2017 жылы 20 қыркүйек күні УЕФА комитеті Ыстанбұлдағы "Водафон Парк" стадионында өтетітін мәлімдеді. Осылайша УЕФА Суперкубогы тұңғыш рет Түркияда ойналатын болды.
Бұл стадион бұрынғы "Иненю" стадионының орнына салынды. 2016 жылы 10 сәуірде пайдалануға берілді. "Бешикташ" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.