Мазмұнға өту

Тәуба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тәуба - өкініш, оралу, қайту мағыналарына келеді.

Тәуба көңілдегі жамандықтардың түйінін шешіп Хаққа оралуды, Хақ жолына түсуді, жалғандық пен күнәларына өкініп, Хаққа сыйыну, күпірліктен иманға келу, жаман істерден игілікке, жаман мінезден дұрыс ахлакқа, Аллаһтан басқаның бәрін тастап, тек Аллаһқа ұмтылу деген мағыналарға келеді. Сопылық кемелдікке жету жолында жетпіс мақам бар. Осы мақамдардың басы тәубе, соңы да құлдық (құлшылық) мақамы болып саналады.

Қазақта «тәубеғе келді», «тобаңа кел» мағынасындағы сөздер игілікке шақыруды білдіреді. Сондықтан да Ф.Аттар: «Тариқат - адамгершілікті қалыптастыратын мектеп» - деген болатын.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010. ISBN 9965-26-322-1