Тұмар Бояу
Тұмар бояу(Limonium gmelinii) — томарбояу тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 30—80 см. Түбірі жуан, қатты тінді. Жапырағы томар сабақтан өседі. Көптеген жасыл, ақшыл жасыл, ұзыншақ жұмыртқа тәрізді, үз. 15—40 см, ені 5—10 см жапырақ ұшы дөңгеленген. Гүлі ұсақ масақша, қызғылт, қоңыр не сары, тостағаншасы үз. 4—4,5 мм. Жемісі ұзынша жұмыртқа тәрізді қарақошқыл қоңыр. Шілде—қыркүйекте гүлдеп, тамыз—қыркүйекте дон салады. Оңтүстік Қазақстанның сүр топырақты, сортаң жерлеріндегі такырларда өседі. Тамырының құрамында таниды бар. Тамырынан алынған сары, қызғылт жасыл және қара бояулар былғары, тері бояуға және кілем тоқитын жіптерді бояуға пайдаланады.[1]
Сурет галереясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |