Туыстық атаулары
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Туыстық атаулар — туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.[1]
Бір отбасындағы туыстық атаулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
- Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары үлкен әже деп аталады.
- Әке - баланың ата-анасының бірі.
- Ана, Шеше - баланы дүниеге әкелген әйел.
- Аға - бір әкеден немесе бір шешеден туылған, бауырлар арасында жасы үлкен ұл.
- Іні - Жасы бойынша кіші ұл.
- Бауыр - бір әке-шешенің балалары.
- Әпке, апа, әпше - жасы бойынша үлкен қыз бала.
- Сіңілі - қыз бауырлар арасындағы жасы бойынша кішісі.
- Қарындас - ұлдан кейінгі туылған қыз бала. Бұл туыстық атауды ер адамдар тек өзінен кіші қыз балаға айтады.
Туыстық қарым-қатынастағы атаулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
- Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
- Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы. Бөле екі жұртта болады. Нағашы және өз жұртында.
- Балдыз - әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
- Ене - ерлі-зайыптылардың аналары ерлі-зайыптыларға ене болады.
- Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
- Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
- Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
- Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
- Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
- Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
- Жиеншар - жиеннен туған бала.
- Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
- Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
- Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
- Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
- Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
- Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
- Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әпкелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
- Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
- Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным. (Құрастырғандар: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3