Тутаңбалы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Тутаңбалы – Ұлы жүз бірлестігіне енетін рулардың түп атасы. Шежіреші Батыршаның деректері бойынша майқыдан – бақтияр, одан ойсыл, үйсін. Ойсылдың 30 ұлы болған. Содан тараған үрім-бұтақтары: Тутаңбалы (өтеп), байлы, бораш. Байлыдан сіргелі руы, ал бораштан қайшылы руы тарайды. Аз тараған Тутаңбалы атасы сіргелімен еншілес болып, сіргелі атанып кеткен. Рузбеханның “Михманнама-и “Бұхара” атты шығармасындағы дерекке қарағанда 15 – 16 ғасырларда Ташкент пен Сыр бойында тұрған ноғайлы елінде үштаңбалы, төрттаңбалы, Тутаңбалы аталған рулар болған. Қазан төңкерісіне дейін Тутаңбалы сіргелі, қатаған, қайшылы, құрама ру-тайпаларымен араласып, Ташкентті мекендеген.[1]
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нармахан Бегалиев
- Оразгелді Беденұлы Түктібаев
- Қарақозы Әбдәлиев
- Шамсат Жақсылықұлы Исабеков[2]
- Сапар Атанбайұлы Атанбаев
- Хайролла Мәметайұлы Нышанбаев
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ https://www.facebook.com/groups/680985156274498/posts/915591362813875/
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |