Мазмұнға өту

Тон қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тон жабғу қаған
Лауазымы
Батыс Түрік қағанатының 5-ші қағаны
612/618 — 630
Ізашары Шегу қаған
Ізбасары Баһадүр қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қазақстан
Қайтыс болуы 630 (0630)
Қазақстан
Әкесі Янг Соух тегін
Балалары Бөрі шад, Сы Жабғу қаған

Тон жабғу қаған (туған жылы белгісіз – 630) – Батыс Түрік қағанатының билеушісі (612/618 – 630). Шегу қағанның інісі, Янг Соух тегіннің баласы. Ата тегі: Істемі - Тардуш қаған - Янг Соух тегін - Тон жабғу. Ағасы қайтыс болғаннан кейін қағандықтағы билікті өз қолына алды. Кейбір деректер бойынша Шегу қаған мен Тон жабғуды бір адам деп көрсетеді. Ордасын Мыңбұлақ (Цянь-цюань) деп атайтын жерге көшіреді. Әскерін жүз мыңнан асырып, теле тайпасын бағындырып, Иранды жаулап алуға қол жеткізді. Қол астындағы иеліктерге жаңа басшылар тағайындап, оларға сылифа (елтебер) деген титул берді. Сылифалардың іс-әрекетін қадағалап отыруды арнайы белгіленген ақсүйектерге тапсырды. Қытай императорымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оған қымбат сыйлықтар жіберіп тұрды және онымен Шығыс Түрік қағандығына қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасады. Алайда мұндай келісім көп ұзамай Тон Жабғудың өзінің туысы Баһадүр қағанныңдің (Сыби хан Мохеду) қолынан қаза табуына байланысты жүзеге аспай қалды.[1]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]