Томарбояу
Көрініс
Томарбояу - кермек тұқымдас көпжылдық шөп тектес өсімдік. Ол орман жағалауында, құрғақ және тасты беткейлерде өседі. Томарбояудың тамырында 9%-дан 19 %-ға дейін илік заттар, галла және эллага қышқылдары, фетонциндер, бояғыш заттар кездеседі. Халық медицинасында томарбояуды іш өткенде және қан тоқтату қажет болғанда біраз уақыттардан бері пайдаланылып келген. Сондай-ақ қышқылдығы жоғары қарын катарында, қарын төмен түскенде, дизентерияда әдейі жасалған қайнатында кейде тұнба түрінде жиі қолданады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Дәрілік өсімдіктер Энциклопедиясы » М. Қожабеков.