Толстойшылдық
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Толстойшылдық (орыс. Толсто́вство) — XIX ғасыр аяғы мен XX ғасырдың басында Л. Н. Толстойдың ілімі негізінде пайда болған Ресейдегі діни-этикалық бағыт. Толстой өзінің философиясын «Тәубе», «Менің дінім неде?», «Өмір туралы», «Христиан ілімдері» және т.б. шығармаларында жазған. Ізбасарлары — толстойшылар (орыс. толстовцы).[1]
Оның негізіне адамдарды адамгершілік қасиеттерді жетілдірудің арқасында дүниені, қоғамдық қатынастарды қайта құруға ұмтылу жатты. Толстой Қазыналық шіркеуді де, помещиктерді де, помещиктік үкіметті де түбірімен қопарып тастағысы келетін реформадан кейінгі шаруалардың көңіл-күйін білдіре отырып, өз заманының қоғамын терең сынады. Бірақ сонымен бірге ол революциядан бас тартуға шақырды. Ол өмірді жетілдірудің құралы адамдарға адамгершілік жағынан ықпал ету, жаңа дін жасау деп санады. Толстой ілімінің осы жағынан айта келе В. И. Ленин ол сөзсіз утопиялық ілім, ал өзінің мазмұны жағынан, бұл сөздің дәл, нағыз терең мағынасында алғанда, реакциялық ілім деп жазды. Толстойдың бұл идеясын толстойшылдық қабылдаған болатын. Толстойшылдық құдайды адамның ішкі рухани дүниесінде болатын, оның мен мәнін құрайтын әлемдік рух ретінде түсіндірді. Толстойшылдық ілімінің діни – этникалық басты принциптері жамандыққа күшпен қарсы тұрмау, бәрін де кешіру, жалпыға бірдей сүйіспеншілік жеке адамның өзін-өзі адамгершілік жағынан жетілдіруі болып табылады. Толстойшылдық адамдардың өмір салтын қарапайым етуге, цивилизацияның кейбір елеулі белгілерін қабылдамауға шақырды. 19-20 ғасырлар аралығында толстойшылдық шаруалар бұқарасының арасына тарай отырып, православие дініне қарсы қозғалысқа айналды. Оның жолын ұстаушылар 1905-1907 жылдары революциядан кейін Л. Н. Толстойдың өмірімен байланысты жерлерде қоғамдар құрды және өздерінің көзқарастарын интеллигенция мен оқушылар арасында уағыздады. Шіркеу мен мемлекет Толстойшылдық ты қуғындады. Оны жақтаушылардың кейбіреуі жер аударылды. Қазіргі кезде шетелде атап айтқанда, Шығыста Толстойшылдық идеясын насихаттау обьективті түрде революциялық қозғалысқа қарсы бағытталған. Коммунистер толстойшылдық таптық әлем және бейсаясатшылдық идеяларын әшкерелейді және оны алдыңғы қатарлы еңбекшілер теріске шығарады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Воробьева М. В. Христианское разномыслие: Словарь. — Спб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2004. — 96 с.