Мазмұнға өту

Тиррен теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тиррен теңізі
Орналасуы
39°31′22″ с. е. 13°21′12″ ш. б. / 39.5228° с. е. 13.3533° ш. б. / 39.5228; 13.3533 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°31′22″ с. е. 13°21′12″ ш. б. / 39.5228° с. е. 13.3533° ш. б. / 39.5228; 13.3533 (G) (O) (Я)
Тиррен теңізі (Жерорта теңізі)
Тиррен теңізі
Тиррен теңізі Ортаққорда

Тиррен теңізі (Mare Tіrreno) – Атлант мұхиты алабындағы Жерорта теңізінің бір бөлігі. Апеннин түбегі мен Сицилия, Сардиния және Корсика аралдары аралығында орналасқан. Жерорта теңізімен солтүстігінде Корсика, батысында Бонифачо, оңтүстігінде Сардиния, оңтүстік-шығысында Мессина бұғаздары арқылы жалғасады. Ауданы 214 мың км². Тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан, ең терең жері 3830 м. Вавилов су асты жотасында Вулькано жанартауы орналасқан. Теңіз табаны жаңа тектоникалық қозғалыс әсеріне ұшыраған эпиплатформа, түпкі шөгінділері қарбонаттардан тұрады. Беткі су температурасы жаз айларында 22 – 24,5°С, қыста 13 – 14°С. Тұзд. 37,25 – 38,25‰. Беткі ағыстары 1 км/сағ. жылдамдықпен сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады. Тиррен теңізінде Липар, Устика, т.б. аралдар бар. Балық аулау (сардина, тунец, жылан балық, семсер балық, т.б.) дамыған. Басты порттары: Неаполь, Палермо, Кальяри (Италия), Бастия (Франция).