Мазмұнға өту

Теренсе Тау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Terence Chi-Shen Tao

туған шілде 17, 1975 (1975-07-17) (49 жаста)
Тұратын жері Los Angeles, California
Ұлты Australian[1]
Америка Құрама Штаттары[1]
Салалары Mathematics
Институттары University of California, Los Angeles
Alma mater Princeton University
Flinders University
Doctoral advisor Elias M. Stein
Еңбегі үшін танылған Harmonic analysis
Partial differential equations
Combinatorics
Analytic number theory
Representation theory
Notable awards Salem Prize (2000)
Bôcher Memorial Prize (2002)
Clay Research Award (2003)
Australian Mathematical Society Medal (2005)
Ostrowski Prize (2005)
SASTRA Ramanujan Prize (2006)
Fields Medal (2006)
Australian of the Year (2007)
MacArthur Award (2007)
Alan T. Waterman Award (2008)
King Faisal International Prize (2010)

Теренсе Тау (қыт. 陶哲軒, ағылш. Terence Chi-Shen Tao) (17 шілде 1975 жыл) осы ғасырдағы математикада жеткен жетістігі ең көп жас математик ретінде саналады. Жастайынан математикамен айналысқан осы бір талантты жастың математикадағы жетістіктеріне қайран қаласың. Тоғызыншы класта жүріп халқаралық математика олимпиадасының жеңімпазы болған жас математик орда бұзар отыз жасында көп математиктің қолы жете бермейтін Филдс математика сыйлығын алды. Қазір 35 жастағы математиктің алған асуы ақсақалды математиктердің де алдын орап кетті. Математикадағы зерттеу салалары: Гармоникалық талдау, Жай дифференциялдық теңдеулер, Комбинаторика, Аналитикалық сандар теориясы, Көрсету теориясы т.б.

Теренсе Тау 2010 жылғы математиктер мен экономистерге берілетін Неммерс сыйлығының иегері атанды. Сыйақысы 175,000 Ақш долларын құрайтын сыйлық Таодың соңғы кездегі математикадағы жеткен жетістіктерінің, әсіресе сандар теориясындағы атақты Венгр математигі Паул Ердёштың жорамалының дербес жағдайдағы шешімін тапқаны үшін беріліп отыр. (Green–Tao theorem). Сыйлық иегерінің бұдан да басқа математиканың салаларында жеткен жетістіктері ұшан теңіз.

  1. Р.Салем сыйлығы ( Salem Prize 2000)
  2. Бочерді атындағы сыйлығы (Bôcher Memorial Prize 2002)
  3. Клай ізденушілерінің сыйлығы Clay Research Award (2003)
  4. Австралия математика қоғамының сыйлығы ( Australian Mathematical Society Medal 2005)
  5. Островский сыйлығы (Ostrowski Prize 2005)
  6. Раманужан сыйлығы (SASTRA Ramanujan Prize 2006)
  7. Филдс сыйлығы (Fields Medal 2006)
  8. Австралия жыл адамы(Australian of the Year 2007)
  9. Мак Артур сыйлығы (MacArthur Award 2007)
  10. Ватерман сыйлығы (Alan T. Waterman Award 2008)
  11. Файсал корольдық сыйлығы (King Faisal International Prize 2010)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Vitae and Bibliography for Terence Tao (Oct 12, 2009). Тексерілді, 21 қаңтар 2010.