Теміртапшылық анемия
Көрініс
Үлгі:Infobox disease Теміртапшылықты анемия – қан сарысуында, сүйек кемігінде, деподағы темірдің төмендеуі, осының нəтижесінде гемоглобин, əрі қарай эритроциттер түзілуінің бұзылыстары салдарынан тіндердегі трофикалық бұзылстармен мінезделетін ауру.
Жіктемесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]М.П. Кончаловский жіктемесі бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- постгеморрагиялық анемияны
- қан түзілу бұзылыстары салдарынан анемияларды (оның ішінде теміртапшылықты)
- гемолитиздік анемияларды ажыратады
Патогенез бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жіті
- постгеморрагиялық
- созылмалы
Ауырлық дəрежесі бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жеңіл
- орташа ауыр
- ауыр дəреже
Диагностика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Диагностикалық критерийлері. Әйелдерде Hb<120 г/л деңгейінің төмендеуі, <130 г/л - ерлерде; бұл кезде анемия пойкилоцитоз, анизоцитоз, сарысулық темірдің төмен деңгейі жəне жалпы жоғары платентті темірбайланыстырушы қабілетімен қосарланған эритроциттердің полихромазиясымен жүретін гипохромды гиперрегенераторлы мінезде болады.
- Гемоглобин деңгейінің төмендеуі (110 г/л төмен).
- Эритроциттер деңгейінің төмендеуі (109 литрге 4 төмен).
- Түсті көрсеткіштің төмендеуі (0.85 төмен).
- Қан сарысуындағы темірдің саны (гемоглобиндік емес темір), қалыпта сағатына 12-30 мкмоль. Темірді бета-фенантронинмен қосу əдістемесімен анықталады.
- Сарысудың жалпы темірбайланыстырушы қабілеті: 100 мл немесе 1 л қан сарысуын байланыстыра алатын темір санымен өлшенеді, қалыпта ол 1 литрге 30 - 80 мкмоль тең.
- Сарысудың темірді байланыстыратын абсолюттік қабілеті, калыпта бос сидероферрин 2/3 - 3/4 құрайды.
Теміртапшылық анемияның негізгі себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- созылмалы қан жоғалтулармен көрініс табатын, асқазан-ішек жолдарының аурулары (асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары; асқазан мен ішек қатерлі ісігі; өңеш қатерлі ісігі; эрозивті эзофагит пен гастрит; диафрагмалды жарықтар; ішек дивертикулезі мен полипозы; өзіндік ерекшеліксіз ойық жаралы колит; Крон ауруы; геморрагиялық васкулиттің абдоминалды формасы; көтеу, тік ішек сызаты; асқазан - ішек жолдарының ангиомалары мен телеангиэктазиялары);
- темірді сорып алу бұзылыстарымен өтетін, асқазан-ішек жолдарының ауруы (ащы ішек айтарлықтай бөлімінің резекциясы; созылмалы энтерит, мальабсорбция синдромының дамуына алып келетін ішек амилоидозы жəне басқа аурулар; ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциялары бұзылыстарымен созылмалы панкреатит);
- бауыр мен порталды жолдар аурулары (өңештің кеңейген көктамырларынан қан кетулермен Бадда-Киари синдромы; өңеш, асқазан көтеу түйіндерінен қан кетулермен асқынған, бауыр циррозы мен бауырдан тыс порталды гипертензия);
- микро - жəне макрогематуриямен асқынған бүйрек аурулары, (IgA-нефропатия немесе Бурже ауруы; алкогольдік нефропатия; геморрагиялық васкулиттің бүйректік формасы; созылмалы нефрит пен пиелонефриттің гематуриялық нұсқалары; қуық полиптері мен қатерлі ісіктері; гипернефроидты қатерлі ісік; зəртас ауруы; бүйрек туберкулезі);
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (мұрыннан қан кетулермен гипертониялық ауру; қолқаның қабатталған аневризмасы);
- тыныс алу ағзаларының аурулары (қан кетулермен жүретін - өкпе қатерлі ісігі, туберкулез, бронхоэктаздармен бронх аурулары);
- қан жүйесі аурулары (қан кетулермен асқынған гемобластоздар мен гипопластиялық анемиялар, гемосидеринуриямен жəне гемоглобинуриямен Маркиафав-Микель ауруы);
- геморрагиялық диатез (тромбоцитопениялар, гемофилия, Рандю-Ослер ауруы, коагулопатиялар, ДВС-синдромының геморрагиялық фазасы, геморрагиялық васкулит);
- гипотиреоз;
- уыттанумен қатар жүретін аурулар (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен бүйрек аурулары; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен бауыр аурулары жəне т.б.);
- анылық без функциясының бұзылыстары, фибромиома, жатыр денесі мен мойнының қатерлі ісігі, эндометриоз, босану, түсіктер, көлемді жəне ұзақ етеккір кезіндегі меноррагиялар мен метроррагиялар;
- жүктілік пен сүттену кезеңі;
- тағаммен бірге темірді жеткіліксіз пайдалану;
- кез-келген орналасудағы қатерлі ісік;
- глисттік инвазиялар;
- өте көп қан беру (донорлық)
Клиникалық көрінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әлсіздік, бас айналуы, көз алдында щыбын-шіркейлерді көрі.
- Талмалар болуы мүмкін, ентікпе, шаштары сынғыш, түседі және тырнақтын сынғыштығы (кейді қасық тәрізді ішке ойылуы).
- Тәбеттің бұрмалануы, кейде науқастар жерді, шикі ет, қамыр, мұзды жейді. Иіс сезу бұрмалануы: керасин, зәр, ацетон. Түңгі диурез болуы мүмкін.
- Обьективті: тері сары – бозғылт. Температура субфебрильді, жүрек шекарасы сол жаққа ығысуы. Кейде тілдің шырышты қабатының атрофиясы байқалады және кариес дамуы ықтимал.
- Сидеропениялық синдром: шаш түсуі, тырнақ сынғыштығы, тері құрғақтығы.
Профилактикалық шаралар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Темір тапшылығын шақырған себептерді жою.
- Құрамында темір көп диета (ет, бауыр жəне басқалар.).
- Темір препараттарын ұзақ қабылдау (4-6 ай).
- Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша).
- Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
- Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық қабылдау