Мазмұнға өту

Таңғұттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Таңғұттар (Тангуд) - Орталық Азияның шығысындағы Гоби шөлі мен Ұлы Қытай қорғанының аралығын қоныстанған тайпалар бірлестігі.

Таңғыт жауынгерлері

Си Ся мемлекеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Таңғұттар елі XI ғасырда күшейіп, Си Ся (Батыс Ся) мемлекетін құрды. Алғашқы кездері қытайлықтарға тәуелді болған олар Сун империясының солтүстік - батысындағы Ішкі Моңғолиямен шекаралас аймақтағы Ганьсу және Шэньси өңірін қоныстанды. 1038 жылы таңғұттар билігіне император Юань Хао келді. Таңғұт мемлекеті жас болса да, оның жақсы қаруланған атты әскері болатын.

Қытай - таңғұт соғыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

XI ғасырда ұзаққа созылғат қытай - таңғұт соғыстары Си Ся мемлекетіне де, Қытайға да ауыр тиді. Сәл тыныштық орнай қалса, шекаралық аймақта қақтығыс бұрқ ете түсетін. Немесе таңғұттар соғыс ашса болды, гүлдеп тұрған аймақ шаңы көтеріліп, тозып кететін болды. Осы себептерге байланысты Үндістан мен Орталық Азияға баратын сауда жолдары үзіліп, Қытайдың дамуы тоқырап қалды. Сауда жолдары қайта ашылса да, оларды таңғұттар үнемі жауып отырды. Ақыры өз жерінен айырыла бастаған Сун империясы 1043 жылғы келісім бойынша таңғұттарға салық төлеуге келісті. Күшіне енген таңғыттар Ляо мемлекетімен Қытайға қарсы одақ құрып, XII ғасырда қазіргі Қытай жерінің иеленген төрт мемлекеттің біріне айналды.

Шыңғыс хан жорықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1205 жылы Шыңғыс ханның әскері Си Ся мемлекетін алғаш рет шабуылдап, одан еш нәтиже шығара алмады. 1207 және 1210 жылдары қайта басталған шабуылдары да табыс әкелмей, ақыры бітім жасап тарасты. Тек 1226 жылы Батысқа жорығын тәмамдаған Шыңғыс хан, табандылықпен қарсылық көрсеткен Си Ся мемлекетін қайта шабуылдады. Таңғұттар 1227 жылғы моңғолдардың соққысына шыдамай біржолата талқандалды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7