Мазмұнға өту

Ташкент метросы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ташкент метросыӨзбекстанның астанасы Ташкенттің қоғамдық көліктерінің бірі, көліктің жер астындағы жүретін түрі.

Бұтақтары мен бекеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ташкент метросы төрт бұтақтан құрастырылған. Олар Шыланзар, Өзбекістан, Жүнісабат және Өзбекстан тәуелсіздігінің бұтақтары.

  • Шыланзар бұтағының бекеттері:
    • Шынар
    • Қыпшақ
    • Афросиаб
    • Сіргелі
    • Ташкент Айналма жолы
    • Шоштепа
    • Алмазар
    • Шыланзар
    • Мырза Ұлығбек
    • Новза
    • Ұлттық саябақ
    • Халықтар достығы
    • Пахтакор
    • Мустакиллик Майданы
    • Әмір Темір алаңы
    • Хамит Әлімжан
    • Пушкин
    • Ұлы Жібек Жолы
  • Өзбекстан бұтағының бекеттері:
    • Беруни
    • Бейбітшілік
    • Шорсу
    • Гафур Гұлам
    • Әлішер Науаи
    • Өзбекстан
    • Космонавттар
    • Айбек
    • Ташкент
    • Машинисттер
    • Достық
  • Жүнісабат бұтағының бекеттері:
    • Мың өрік
    • Юнус Раджаби
    • Абдулла Қадыри
    • Минор
    • Бадамзар
    • Шахристан
    • Жүнісабат
    • Түркістан

1977 жылының қарашаның 7-нші жұлдызында Қазан төңкерісінің 60 жылдық мерейтойына ашылған. Бұл Орта Азияның тарихында алғашқы метро. Жер сілкініс болуы қауіпі бар аумағында құрылған. Құрылыста Мәскеуметроқұрылыс демеу жасаған.

1966 жылының Ташкентте болған жер сілкінісіден кейін, 1972 жылында метроның құрылысы басталды. Алғашқы Шіланзар бұтағының бірінші кезегі ("Сабыр Рахимов" бекетінен "Қазан төңкерісі" бекетіне дейін (қазір бұл бекет "Әмір Темірдің" саябағы деп аталады) 9 бекетінен, электродепосынан және Байланыс үйімен 1977 жылының. қарашаның 6-сында ашылған еді. Оның ұзындығы 11,4 шақырым еді.

Шіланзар бұтағының екінші кезегі ("Қазан төңкерісі" , қазіргі "Әмір Темір саябағы" бекетінен "Максим Горький" , қазіргі "Ұлы Жібек Жолы" ("Буюк Ипак Юли") бекетіне дейін) 3 бекеттен құрастырған еді. Оны 1980 жылының тамыздың 18-інде ашты . Кезектің ұзындығы 4,1 шақырым еді. 1980 жылында Шіланзар бұтағы 12 бекеттен құрастырып, оның ұзындығы 15,5 шақырым еді.

1980 жылында екінші бұтағының бірінші кезегінің салуы басталды. Бұл бұтақ Өзбекістан бұтағы еді. Кезек "Науаи" бекетінен "Ташкент" бекетіне шеін созылған еді, 5 бекеттерден құрасылған еді. Кезек 1984 жылының желтоқсан айында ашылды. Кезектің ұзындығы - 4,8 шақырым еді.

Екінші кезек 1987 жылында ашылды, 3,3 шақырым ұзындығымен 2 бекеттен ("Ташауылмаш" ( "Машинасозлар") және "Чкалов") құрастырылған.

1989 жылының қараша айынан бастап, Өзбекістан бұтағының үшінші кезегі жұмыс істеу бастады. Кезек "Ғафур Гүләм" мен "Шорсу" бекетінен құрастырып, оның ұзыңдығы 2,4 шақырым еді. , Соңында, 1991 жылының сәуірдің 30-ында Өзбекістан бұтағының төртінші кезегі ашылды (ұзындығы 3,ә шақырым, 2 бекет "Тинчлиқ" пен "Бируни"). Бұтақтың жалпыұзындығы - 30 шақырым, 23 бекет бар.

1988 жылының қыркүйек айында Жүнісабад бұтағының құрылысы басталды. Жүнісабад бұтағы 2001 жылының қыркүйек айының 1 жұлдызында ашылды, оны Өзбекстанның тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына ашты. Бұтақта 6 бекет бар, ұзындығы 6,4 км және метрокөпір ("Бадамзар" мен "Хабиб Абдуллаев" бекеттр арасында). Метрокөпір Бозсу тоғаны арқылы телемұнараның жанында өтеді.

Жүнісабад бұтағының тағы бір кезегінің және төртінші Сіргелі бұтағының құрылысы жоспарланады.