Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Амазонканың дауылды ормандарында тек бір ғана Duroia Hirsuta деп аталатын ағаш түрі болатын кеңейтілген аймақтар кездеседі.Перуандықтар бұл аймақтарды “тамұқ баулары” деп атайды және оларды күтіп өсіруді орман демоны Чуятакиға жүктеген.Бұл өсімдіктер жан-жағындағы топыраққа арнайы заттарды өздігінен бөле отырып,көрші өсімдіктің өсіп дамуын басатын қасиетке ие,бірақ Стэнфорд университетінің биологтары Duroia Hirsuta жағдайында бұлай емес екендігіне сенімді болып үлгерді.
2005 жылы Стэнфорд университетінің биологтары орманның пайда болуына Duroia Hirsuta ағаштарының құмырсқалармен симбиоз болғанынанықтады.Орманның бәсекелес өсімдіктерін отырғызу тәжірибелерінде Myrmelachista schumanni түрінің құмырсқалары Duroia hirsuta-дан басқа жасыл өскіндердің жапырақтарына құмырсқа қышқылын гербицид секілді сеуіп өлтірген.Осылайша құмырсқалар Duroia hirsuta ағашына бәсекесіз еркін өсуіне ықпал етеді.Құмырсқалар Duroia hirsuta-ның іші қуыс сабақтарын ұя салып пайдаланады.Санақтар бойынша орман көлемі жылда шамамен 0,7% үлкейеді.Ормандағы ірі колониялы құмырсқалар саны 3 000 000 жетеді,ал аналық құмырсқалар – 15000. Биологтардың санауы бойынша «Тамұқ баулары"орманындағы 328 ағаштарының жасы 800-ге келеді.