Мазмұнға өту

Такэси Китано

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Такэси Китано
北野 武
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

18 қаңтар 1947 (1947-01-18) (77 жас)

Туған жері

Адати, Токио

Азаматтығы

 Жапония

Мамандығы

режиссёр, актер, суретші, комик

Белсенді жылдары

1976қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 0001429

kitanotakeshi.com

Такеши Китано — әлемге әйгiлi жапон режиссерi. Ол соңғы он жылдықтың ең үздiк режиссерi саналады.

Көрермен қауымға «Фейерверк», «Сонатина» фильмдерi арқылы аса танымал.

Такеши Китано Токио қаласында дүниеге келген. Балаң шағында жапон мафиясымен байланысы болған деген де деректер бар. 1971 жылы досы Киеши Канекомен бiрiгiп, «Қос қуақы» сайқымазақ дуэтiн құрады да, екi жыл бойы сенбi сайын қала клубтарында келушiлердiң көңiлiн көтерумен айналысады. Тек бұдан кейiн ғана сайқымазақтықтан телепродюсерлiкке көшiп, 1976 жылы «Ең үздiк дуэт» атағын жеңiп алады.

1983 жылы Нагиса Осиманың «Счастливого рождества, мистер Лоуренс» фильмiне қатысып, үлкен кино әлемiне алғашқы қадамын жасайды. Бұдан кейiн «Крутой коп» фильмiнде тұңғыш рет режиссерлiк қабiлетiн сынға салады. «Қаншалықты жақсы көретiн тағамыңыз болмасын, күнделiктi пайдалансаңыз, түбi бiр тәбетiңiз тартпай қалады. Сол секiлдi бiр-бiрiнен егiздей айнымайтын фильмдер де көрермендердi тез жалықтырады» дейдi даңқты киногер.

Китано Жапониядағы он жылдықтың үздiк фильмi деп танылған «Фейервергiн» 1997 жылы жарыққа шығарды. Кейiн айтылмыш кино Канн және Венеция фестивальдерiнде жоғарғы бағаға ие болды. Фильмнiң басты кейiпкерi — бұрынғы полиция қызметкерi Ниси жапон мафиясының бар құпиясын ашып, жермен-жексен етедi. Режиссер кейiпкерiнiң бойына бар қасиеттi жиып бередi де, нәтижесiнде Вальядолид фестивалiнде «Ең үздiк актер» атағын жеңiп алды.

Бұдан кейiн түсiрген «Кикуджиро» киносы XX ғасырдың соңғы шедеврi саналады.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Takeshi Kitano