Сэмюэл Морзе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сэмюэл Морзе
Samuel Morse
Туған кездегі есімі

Samuel Finley Breese Morse

Туған күні

27 сәуір 1791 (1791-04-27)

Туған жері

Чарлзтаун, Массачусетс штаты

Қайтыс болған күні

2 сәуір 1872 (1872-04-02) (80 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк

Азаматтығы

 USA

Қызметі

өнертапқыш және суретші

Сэмюэл Финли Бриз Морзе (ағылш. Samuel Finley Breese Morse; 27 сәуір 1791, Чарлзтаун, Массачусетс штаты— 2 сәуір 1872, Нью-Йорк) — американдық өнертапқыш және суретші. Ең танымал өнертабысы электромагниттік жазатын телеграфМорзе аппараты», 1836) және Морзе коды. Сэмюэл Морзе 34 жасына дейін суретші болған және техникамен мүлде айналыспаған. 1825 жылы Сэмюэлге өз әйелінің ауыр науқастанып жатқаны жайлы әкесінен хат келеді. Морзе тездетіп, Вашингтоннан Нью-Хейвенге асығады. Дегенмен, үйіне жеткенге дейін әке-шешесі оның әйелін жер қойнауына жіберіп үлгерген болатын. Осы жағдай Морзені көп толғандырады. Морзе жылдам хабарламаларды жеткізудің жолын табу мақсатында, физикаға үңіліп, 1838 жылы телеграфты ойлап табады. Сосын Морзе әліппесін де құрастырады.

Америкалық суретші әрі өнертапқыш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Морзе ауқатты жанұяда дүниеге келген. Филипс Академиясында оқу оқып жүргенде әкесі оның бойындағы дарынды байқап, 1807 жылы Йель университетіне ауыстырады. Дегенмен, Сэмюэл ғылымға қызықпай, достарының миниатюраларын салумен айналысады.

Сурет салуға қанық болып, тамсана білген жас суретшіге Бостон қаласында көпшілік қауым сый құрметпен қарайтын. 1811 жылы әке-шешесі қарсы болғанына қарамай, Англияға барып, Суретшілердің Корольдік Академиясына оқуға түседі.

Морзе импрессионист ретінде өте дарынды суретшілердің бірі болған болар еді. Бірақ, ол сол кезде өте беделді болып табылған портрет жанрын өзіне негіз етіп алады. Себебі ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде портрет құны өте қымбат еді. Айта кетсек, бір портретті Морзе 60 АҚШ долларының көлемінде (қазіргі құнмен $800) сататын болған. Ал Морзе аптасына төрт портрет салушы еді.

Өнертапқыш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның техникаға деген көзқарасы теріс болмайтын. Студент кезінде де электр энергиясына қатысты лекцияларға барып тұрған. Сол кезде алған білімімен ол магниттен шыққан ұшқынды сым арқылы тасымалдау мүкіндігіне ие болады. Оны тәжірибе жүзінде қарастырып көреді. Өз ағасы Ричард Морзенің үйінің шатырын өзіне зертхана етіп алады. Электромагнитті телеграфты ойлап тапқаннан кейін, оны патенттеуге асығады. Ол Еуропаға барып, телеграфты жаңалық ретінде ұсынған кезде, электромагнитті телеграфтың әлдеқашан шығып қойғанын есітеді. Англияда Уитсон, Францияда Стейнхейл, ал Ресейде Шиллинг есімді барон әлдеқашан бұл жаңалықты ашып, жаппай қолданысқа енгізіп үлгерген екен. Сәтсіздікке ұшыраған америкалық өнертапқыш Вашингтонға қайтып оралады. Сосын қайта телеграфты тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында демеушілерді тауып, алға қойған мақсатына жетеді. Кезінде Александр Белл телефонды ойлап тапқанымен, өз әйелі мен анасына мүлде телефон соға алмаған екен. Себебі олардың құлағы керең болған. Сол секілді Морзе де өз жаңалығын ашқанымен, әйелінің жаназасына кешігіп қалғанын артқа қайтара алмайтын еді.

1844 жылдың 24 сәуірінде Морзе тәсілімен алғашқы телеграмма (депеша) Вашингтон мен Балтимор арасында жөнелтілген. Мәтіні «Тәңірім, істерің ғажап Сенің» болған еді. 1872 жылы Морзе дүниеден озғаннан кейін оның өнертапқыш ретінде танымалдығы бәсеңдеді, себебі телеграфты телефонғ радио және телевидение ығыстырды. Бірақ оның суретші ретінде атағы өсті. Ол өзін портретші ретінде санамағанымен, оның Лафает тағы басқа танымал тұлғалар портреттерін бәрі біледі. Морзеның 1837 жылғы телеграфы АҚШ ұлттық мұражайында сақтаулы, ал оның қала сыртындағы үйі тарихи ескерткіш деп танылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]