Мазмұнға өту

Сократ апологиясы (Платон)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сократ (Римдік бюсті, 1 ғасыр, Лувр, Париж)
Ортағасырлық көне қолжазбадағы Сократ апологиясының басы, 895ж жазылған Кодекс Кларкианус

Сократ апологиясы (грек. Ἀπολογία Σωκράτους, лат. Apologia Socratis) — Платон жазған Сократтық диалог болып, ол бдд. 399 жылғы Адалсыздық (impiety) және Азғындату (corruption) айыбы бойынша Сократқа қарсы сот процесінде Сократтың 500 адамның алдында өз-өзін ақтап сөйлеген сөзі.[1]

Нақтырақ айтқанда, Сократ апологиясы - "жастарды азғындату" және "қала (Афина) сенетін құдайларға емес, Афиналықтарға жаңа болып табылатын басқа құдіретке сену" сынды екі негізгі айыпқа қарсы Сократтың ақталу баяндамасы.[2]

Философ Сократтың (бдд. 469-399 жж) сотталуы мен қайтыс болуы туралы түпнұсқа дереккөздері ішінде Платон жазған Сократ апологиясы сот процесін суреттейтін диалог болып табылады, әрі Сократтың соңғы күндерін Платон егжей-тегжейлі баяндаған Эвтифрон, Федон және Критон қатарлылармен бірге Сократтық төрт диалогтың бірі есептеледі.

Апологияның мәтіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Философ Платон (бдд. 429–347 жж) жазған Сократ апологиясы - Сократтың адалсыздық және азғындату айыптауларынан заңдық ақталуы туралы жазылған бірқанша түсіндірмелік апологиялардың бірі; апологиялар Сократ сотынан (бдд. 399 ж) кейінгі онжылдықта жарияланған.[3] Осылайша, Платонның Сократ апологиясы - Сократтық диалог түрінде ұсынылған Сократтың алғашқы философиялық ақталуы. Аристотель кейінірек оны көркем әдебиет жанрына жатқызғанымен[4][5], бұл әлі күнге дейін Сократ (бдд. 469-399 жж) туралы пайдалы тарихи дерек көзі болып табылады.[6]

Сократтың Мелетуспен аталмыш адалсыздық айыбының табиғаты мен логикасы туралы екі диалогын қоспағанда, Сократтың апологиясының мәтіні философ Сократтың бірінші тұлғалық көзқарасы мен дауысын негіз етеді. Сондай-ақ, Сократ сот барысында өз-өзін ақтап сөйлеген сөзінде Платонның да сот отырысына қатысқанын екі рет атап өтті.

Апология мазмұны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сократ апологиясы Сократтың 500 шақты афиналық еркектерден құралған алқабилерге баяндама жасап, олардан Ликон, Анит және Мелет секілді шешендер сендірді ме деп сұрауынан басталады; бұлар Сократты қала жастарын азғындатты және Афина пантеонына қарсы адалсыздық танытты деп айып таққан кісілер болатын. Оның баяндамасының бірінші сөйлемі диалогтың басты темасын белгіледі: философия надандықты мойындаудан басталады. Кейінірек Сократ философияның осы қағидасын нақтылай түсті, егер өзі қандайда бір даналыққа ие болса, ол ештеңе білмейтіндігін білуден келген.

Сот процесінде Сократ өзін айыптаған шешендерге еліктейді, пародия жасайды, оларды түзетеді, әрі алқабилерден өзін шешендік шеберлігі бойынша емес, айтқандарының шындығы арқылы бағалауларын сұрайды (қара. Лисий XIX 1,2,3; Исей X 1; Исократ ХV 79; Эсхин II 24). Сократ жетілдірілген тілді (әсем безендірілген сөздер мен сөз тіркестері) қолданбаймын, бірақ грек тілінің ортақ идиомаларын қолданып сөйлеймін дейді. Сократ өзінің агорада (Афина алаңы) және ақша үстелінде сөйлегені секілді мәнермен сөйлемекші екенін, өйткені бұлар өзінің ана тілі және өз елінің сәні екенін айтады. Азғындату және Адалсыздық айыбын аздап жол беріп, алқабилер наразылығын жеңілдетуге мүмкіндігі болса да, Сократ ешкімнің көңіліне қарамайды, турасын айтады, өлім жазасынан құтылу үшін өз адалдығынан бас тартпайды. Алқабилер Сократты өлім жазасына кеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Platonis opera quae extant omnia. [Genevae?] : Excudebat Henr. Stephanus (1578).
  2. "Socrates," Stanford Encyclopedia of Philosophy, 16 Sept. 2005. See: Doug Lindner, "The Trial of Socrates, "Univ. of Missouri-Kansas City Law School 2002.
  3. Plato (427–347 BC)  (ағыл.). doi:10.4324/9780415249126-A088-1. Тексерілді, 23 шілде 2008.
  4. A History of Greek Philosophy: Volume 4, Plato: The Man and His Dialogues: Earlier Period — Cambridge University Press. — P. 71-72. — ISBN 978-0-521-31101-4.
  5. Plato and the Socratic Dialogue: The Philosophical Use of a Literary Form — Cambridge University Press. — P. 46. — ISBN 978-0-521-64830-1.
  6. Plato.