Скороварка
Тамақты тез пісіруге арналған ерекше конструкциялы кәстрөл. Жай кастрюльге қарағанда 3—4 есе тез пісіреді. Ыдыстың герметикалығының нәтижесінде ішіндегі қысым мен температура 120оС-ға дейін Көтеріледі. Скороварканың қ а қпағында екі клапан орналасқан : іштегі қысымды 0,9-1,1 атм - ға тең етіп тұрақтандыратын — жұмысшы клапаны және қысым 1,5 атм-дан жоғары болып жұмысшы клапаны бұзылған жағдайда іске қосылатын сақтандырғыш клапан . Қайнау кезінде жиналған артық жұмысшы клапандағы тесік арқылы шығады. Скороваркада қайнатыл , бұқтырып және бумен пісіруге болады. Скороваркада пісірілген тамақтық жұғымдылығы мен дәмі сақталады . Ол компот әзірлеуге өте ыңғайлы, бірнеше минут ішінде жеміс жұмсарып , өзінің түсі мен дәмін өзгертпейді. Әдетте скороварканың сыйымдылығын 4,5 және 6 литрлі кетіп шығарады. Оны кез келген қыздырғыш приборларға орналастыруға болады. Скороварканың ішіне азық - түлікті 3 / 4 бөлігіне келтіріп, ал қайнау кезінде көбігі көп шығатын және көп көтерілетін (макарон, крупа т. б.) азықты толтырмай ортағана салу керек. Скороварканы пайдалану кезінде ішіндегі артық суды шығарыл алмай тұрып қақпағын ашуға болмайды. Тамақты пісіріп болғаннан кейін скороварканы салқын суға қойып салқындатып алып, жұмысшы клапанын ашып буын шығарады, бұдан кейін ғана қақпағын ашу керек.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Pressure cookers |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |