Синд мемлекеті
Көрініс
Синд мемлекеті, б.з.б. 5 ғасырда Қара теңіз жағалауында құрылған. Бұл мемлекетті Қара теңіздің жағалауын, Таман түбегін мекендеген меот тайпаларынан бөлініп шыққан топ құрды. Синд мемлекетінің тұрғындары негізінен егіншілікпен, балық аулаумен, қолөнермен және саудамен айналысты. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап Синд мемлекеті өзінің саяси дербестігінен айырылып, Боспор патшалығының құрамына кірді. Синд мемлекетінің тұрғындары гректердің тілі мен жазуын, әдет-ғұрыптарын қабылдады. Синд мемлекетінің Семибратное (Кубань маңында), Раевск (Анапа маңында) қалалары археологиялық қазбалар арқылы белгілі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |