Мазмұнға өту

Сиверс алмасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сиверс алмасы

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Rosaceae
Тегі: Malus
Түрі: M. sieversii
Екі-есімді атауы
Malus sieversii
(Ledeb.) M.Roem.

Сиверс алмасы - Раушангүлдер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы тау сілемдерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында таралған. Жапырақты, сирек қылқан жапырақты ормандарда, тау өзені сайларында, тау баурайларында өседі. Жиі шағын , дерлік иін тірескен тұтас тоғайлар, көбіне жекелеген далалар мен жеке топтар болып кездеседі. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал береді. Түр пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмәмен ерекшеленеді. Алматы қаласының ботаника бағынан А. Ж. Жанғалиев жетекшілігімен оқушылар бірнеше оңдаған келешегі зор жабайы өсетін түрлерін жинады. Соңғы жарты ғасырда ауыл шаруашылығы дақылдары мен саяжай құрылыстары әсерінен алма бақтарының көлемі қатты қысқарды. Түр сонымен қатар малды шектен тыс жою мен өрттерден зардап шегіп отыр. Табиғи популяцияның жағдайын өсіруді қолға алу керек. Популяцияның біразы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтарында, Тянь-Шань мен Тарбағатайдың бірнеше қорықшыларында, сонымен қатар Іле-Алатау ұлттық паркінде қорғалады.

Malus kіrghіsorum (Фёдоровтар), Malus turkmenorum (Юзепчук, Попов) , Malus hissarica (Кудряшёв) деген атаулар кейде синонимдер ретінде, кейде кіші түрлері ретінде беріледі.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]