Мазмұнға өту

Қылыш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Семсер бетінен бағытталды)
Швейцариялық 15 немесе 16 ғасыр ұзын қылышы

Қылыш – қарудың бір түрі. Ол болат, темір т.б түрлі қатты материалдан жасалады. Қылыш ат үстінде ұрыс жүргізу үшін жеңіл әрі кесіп түсер қару ретінде қолданылған. Көшпелі халықтарда 8 ғасырдан бастап семсерлер бір жүзді, қайқы етіп жасалып, қолданысқа енді. 10-ғасырда түркілер арқылы Батыс Еуропаға тарады. Кейіннен бұл қару жетілдіріліп, атты әскердің басты қаруы ретінде 20-ғасырға дейін қолданылды. Қазақтар қылышты бес қарудың біріне жатқызады. Қазақ қылыштары: алдаспан, наркескен, зұлпықар, жатаған қылыш, қайқы қылыш, т.б. болып бөлінеді. Олардың ұзындығы 90 – 95 см, ені 3 – 3,5 см. Атты әскер құрамаларының жойылуына байланысты (20-ғасыр), қылыш қазір тек кейбір әскери қызметкерлердің салтанатты рәсімдерде ұстайтын қаруы ретінде ғана қолданылады.[1]

Қолданыс уақыты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы қола қылыштардың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың басына жатады.

Қылыш VI-VII ғасырларда пайда болып, X ғасырда түркілер арқылы Батыс Еуропаға тарайды. "Қылыш"атауы VIII ғасырдағы "Күлтегін" жазбасында да, және Махмұт Қашғари сөздігінде де кездеседі. Тарта сермегенде сырғи тілетін имек қылыш терең жарақат салады. Қазақ батырлары "айбалта,семсер,шоқпар,найзалар бір сермегенде тиген жерін жаралайды, ал қылыш бір-ақ сермегенде, бастан қарай табанға дейін қақ жарып түсірмей ме?"-деп қылышты артық санаған.

Еуропа елдерінде қылыш 16 ғасырдың аяғына дейін белсенді түрде қолданылды, ал 17 ғасырда олар ақырында қылыштардың басқада түрлерімен ауыстырылды, бұл шын мәнінде оның ерекше, жоғары мамандандырылған түрлері болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл