Мазмұнға өту

Сексен сегізінші атқыштар дивизиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сексен сегізінші атқыштар дивизиясыәскери құрама. 1941 ж. қазан — қараша айларында Алматыда жасақталған. Алғашқыда 39-атқыштар бригадасы болып құрылды.

Құрамы Алматы әскери пулеметші-атқыштар училищесінің, Орта Азия әскери округінің сержанттар құрамы және мергендер курсы курсанттарынан, республиканың оңтүстік облыстары тұрғындарынан және ҚазМУ-дың студенттері мен оқытушыларынан жасақталды.

1941 ж. 23 — 27 желтоқсанда Солтүстік-Батыс майданы, ал 1942 ж. 22 қаңтар 6 ақпан аралығында Калинин майданы құрамына беріліп, қорғаныс ұрыстарында болды. 1942 ж. 29 сәуір — 8 шілде аралығында 4-резервтік армияның құрамына беріліп, толықтырылудан өтіп, Сексен сегізінші атқыштар дивизиясы деп аталды. 1943 ж. Батыс майданы құрамында Смоленск облысының көптеген елді мекендерін жаудан босатты, МоскваМинск тас жолын бақылауға алып, Орша қаласы маңындағы қорғанысқа қатысты. 1944 — 45 ж. 3-Беларуссия, 1-Украина майдандары әскерлері құрамында Беларуссия, Литва, Польша жерлерін басқыншылардан азат етті.

Осы ерлігі үшін дивизияға “Витебскілік” құрметті атағы беріліп, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов, Кутузов ордендерімен марапатталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х