Сауытты аң

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сауытты аң

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Cingulata
Illiger, 1811

«Сауытты аң» ағылшынша «армадилло» деп аталады. Бұл испан тілінің «армадо» деген сөзінен шыққан, «қарулы» деген мағына береді. Сауытты аңның құйрығымен қосқандағы ұзындығы - 75 см. Ірілерінің ұзындығы 100 см-ге, салмағы 30 келіге дейін жетеді. Сауытты аң 12-15 жылға дейін тіршілік етеді. Құмырсқажегіштер және жалқаулар тұқымдасы үшеуі бір отряд құрайтын сауытты аңның тұмсығы - сүйір, күрек тәрізді. Көздері - кішкентай, қысыңқы. Оңтүстік және Орталық Американың қоңыржай және жылы аймақтарын мекен етеді. Тропиктік ормандарда, көкорай шалғынды далада және шөллейттерде де кездеседі. Ас қорыту жүйесі баяу жұмыс істейтіндіктен, май қабаты қалың емес. Көздері өте нашар көреді. Есесіне, иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Мықты аяқтары мен сояудай алдыңғы тырнақтары жер қазуға икемді. Сауытты аң - сүйекті сауыт жабынған бірден-бір сүтқоректі. Сауыты бас, иық және құрсақ бөліктерінен, денесін үстінен және бүйірінен орап тұратын дөңгелек жолақтардан тұрады. Денесін жапқан қатты сауыты армадиллоны дұшпандарынан жақсы қорғайды. Сауытының түсі - қоңыр, кейде қызғылт, ал түгі - ақ, сұрғылт-қоңыр. Бүгінгі таңда сауытты аңның 10 тұқымдасы, 20 түрі бар. Сауытты аң ұсақ аңдармен, түбірлі өсімдіктермен, жидектермен қоректенеді. Ұзын да жабысқақ сілекейлі тілімен 40 мыңға жуық құмырсқаны бірден жей алады.[1]

Тұқымдастары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
‎Glyptodon clavipes

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ж 27 ЖАНУАРЛАР. - Алматы: «Аруна» баспасы. - 208 бет. - Сер.: «1100 қызықты дерек».