Мазмұнға өту

Сарсазан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарсазан
төмпек сарсазан
төмпек сарсазан
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Core eudicots
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Amaranthaceae
Кіші тұқымдасы: Salicornioideae
Тегі: Сарсазан

Сарсазан (Halocnemum) — алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзен аңғарларында, сортаң топырақты ылғалды жерлерде, тұзды көлдердің жағалауларында өсетін 1 түрі — төмпек Сарсазан (H. strobіlactum) бар. Кейде оны тентек сораң не мырза сораң деп те атайды. Оның биікт. 5 — 40 см, сабағы көп бұтақты, төм. бөлігі ағаш тәрізді сүректенген. Жас өркендері шырынды, бунақты келеді. Жапырақтары жетілмеген қабыршақ тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері қосжынысты, бір-біріне үш-үштен (кейде екіден) тығыз орналасқан масақ гүлшоғырына топталған. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі — тұқымша, ұзындығы 0,5 — 0,75 мм, екі бүйірінен қысыңқы, қоңыр түсті. Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді, кейде отын үшін де пайдаланылады.[1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том